Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / АҚШ – бала-жазушылардың мекені

АҚШ – бала-жазушылардың мекені

АҚШ – бала-жазушылардың мекені

Соңғы бес жылда АҚШ-та шыққан кітаптардың көбі балалардың шығармашылығы болып саналады екен. Басылым компаниялары да бұл кітаптарды интернет арқылы сатуды дәстүрге айналдырған.

Мәселен, 14 жастағы Бен Хекман есімді жасөспірімнің ойдан құралған рок-группа туралы жазған шығармасы 700 данамен шығып, түгелдей дерлік сатылып кеткен. Бұл – кітапқа кеткен шығынды өтеп отыр деген сөз.  

Ал баспагер болса, өз сөзінде KidPub компаниясы amazon.com онлайн-дүкенінде сауда қызып жатқанын айтып өтті. Бала-жазушылардың ата-анасы болса, балаларына тек қана шабыт беру үшін қаржыландыратын көрінеді. Расымен де, балалар өз шығармашылығының кітап болып шығуын өте үлкен жетістік санайды емес пе?

Баспа компанияларының бірқатары кітап үшін қалың қаржы талап ететін болса, ал бірқатары тегін шығарып беру қызметін ұсынады. Соның бірі саналатын Lulu баспа компаниясы балалардың шығармасын тегін шығарып береді де, оның таратылуы мен жарнамалануын өз мойнына алады. Бірақ мұнда да, авторға бір де бір кітап берілмейді екен.

KidPub Press баспасы 2012 жылы 140 жасөспірімнің кітабын шығарып беріпті. Кітап шығаруға тапсырыс беру құны – 250 АҚШ доллар. Әзірге белгілі болғандай, шыққан кітаптардың 80 пайыздық данасын ата-ана өздері сатып алады.

Кім біледі, расында да, тәрбиенің бұл түрі өз нәтижесін беретін шығар...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: afisha.ru

1407 3
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 04 қаңтар 2013, 14:49
Пікірлер
+0
04 қаңтар 2013, 17:32

Бізде жас ақындар көп қой

+0
04 қаңтар 2013, 17:38

иә, өте көп! бірақ олардың кітап шығарып жатқанын естімеппін... өкінішке орай

+0
10 қаңтар 2013, 15:04

Алдымен жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру қажет. Бізде оқырмандар мәдениеті қалыптаспаған. Сұраныс болғанда кітап шығарушылар да табылады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...