Мандельштамның өлеңдері 90 мың долларға сатылды

Мандельштамның өлеңдері 90 мың долларға сатылды

Нью-Йорктегі аукционда орыс ақыны Осип Мандельштамның екі өлеңі 90 мың долларға сатылып кетті.

Ақынның ең алғаш жазылған туындыларының бірі "Петербург шумақтары" атты өлеңі Bonhams бәссауда үйіне 56,2 мың доллар әкелді. Шығарма 1913 жылы блокноттан жұлынып алған екі парақшаға жазылған.

апр

"Петербург шумақтары" өлеңі

 

Екінші маңызды лот петрогардтық өнер үйінің альманахының бірінші саны болды. Басылымның соңғы бетіне ақын "Когда Психея-жизнь спускается к теням..." өлеңін жазып қойған.

Мандельштамның шығармашылығына бас иген қатысушы экземплярды 35 мың долларға сатып алған. Аукционда бұлардан бөлек XX ғасырдағы Ресей мәдениетіне қатысты қолтаңбалар мен жазбалар сатылды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: rossfilm.ru, ria.ru

Massaget