Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / 6 желтоқсан - Әбіш Кекілбаевтың дүниеге келген күні

6 желтоқсан - Әбіш Кекілбаевтың дүниеге келген күні

6 желтоқсан - Әбіш Кекілбаевтың дүниеге келген күні

Бүгін - әдебиетте аты алтын әріппен жазылған атақты жазушымыздың туған күні.  Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүниеге келген. 

Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы.

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына байланысты "Қазақфильм" тарапынан режисер Жаңабек Жетірудың "Әбіш Кекілбаев әлемі" атты фильмі жарық көрген болатын.

"Әбіш Кекілбаев әлемі" фильмінен көрініс

2009 жылы ҚазҰУ-да өткен Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдық мерейтойы

Қазақ әдебиеті көшінің алға басуына үлесін аямаған ардақты ағамызды бүгінгі туған күнімен бүкіл Массагет ұжымы болып құттықтаймыз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: en.krmu.kz, lib-ekb.kz, kaznu.kz, alashainasy.kz

22251 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 06 желтоқсан 2012, 16:17
Пікірлер
+0
06 желтоқсан 2012, 16:43

Туылған күніңізбен!

+0
06 желтоқсан 2012, 17:10

ОХО, МЕНІҢ САНАМДАҒЫ ЕҢ ҰЛЫ ЖАЗУШЫНЫҢ БІРІ ОСЫ ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ. ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫП ОТЫРСАҢ ҚАЗАҚ СӨЗ ӨНЕРІНІҢ ҚҰДІРЕТІН СЕЗІНЕ ТҮСЕСІҢ. МЫҢ ЖАСАҢЫЗ, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ АБЫЗЫ!

+0
06 желтоқсан 2012, 17:46

шығармашылығына кеңірек тоқталу керек еді

+0
07 желтоқсан 2012, 12:22

Мен сіздерге Әбіш Кекілбайдың "Шыңырау", "Күй", "Ханша дария хикаясы", "Бір топ жиде", "Аңыздың ақыры" секілді повестерін оқып көруді ұсынамын.

+0
07 желтоқсан 2012, 21:14

амин,алла қаласа оқырмыз.туған күніңіз құтты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...