Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Махамбеттің азаттық, азаматтық ойлары

Махамбеттің азаттық, азаматтық ойлары

Махамбеттің азаттық, азаматтық ойлары

Халқымызда ежелден батырлар – жырау-жыршы, жыраулар – батыр болған. Бір қолына үкілі найза, бір қолына домбыра ұстаған олар халықтың бірлігін жырлады, соғыста қашан да әскерді рухтандырды. Кезі келгенде елі үшін, жері үшін ханға да қаймықпай қарсы шығатын болған. Сондай батыр һәм ақындардың соңғы тұяғы Махамбет Өтемісұлы  еді. Ол Исатаймен бірге ХІХ ғасырдағы шаруалар көтерілісін бастады.  Осы көтерілістің жалынды жыршысы болды.

1836-1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.

Содан болар Махамбет Өтемісұлы: 
“Еділдің бойы ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім” - деп жер жетіспеушілігін, орыстарға берілген Еділ жағалуына қазақ орналасса деп армандады. Осы жолда қолына қару алып халықты көтеріліске бастады. 

Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.

Міне осындай қиын күндері Махамбет батыр: 
“Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұланның терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Сауыт киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?
Толғамалы ақ мылтық
Толғап ұстар күн қайда?
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?” деп ұрандады, азаматтық ойын азаттыққа, теңдікке ұластырды. 

1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.

Исатайдың жанында жүріп Махамбет елді рухтандыратын жырлар жазды, азаматтық ойын ашық білдірді:
“Исатай - басшы, мен - қосшы
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында.
Зығырданы қайнайды,
Астына мінген ақтабан
Ақ бөкендей ойнайды” (Соғыс өлеңі).

немесе : “Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?” - деп елді азаттыққа, теңдікке шақырды.

1938 жылғы сұлтан Б.Айшуақовтың ауылын шаппақшы болып, негізгі қолдан бөлініп шығады. Жазалаушы әскерлердің келіп жеткендігінен бейхабар Исатайлар тобы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ өзенінінң жағасында Геке мен Баймағанбет сұлтанның біріккен әскерінінң үстінен шығады. Осы шайқаста Исатайдың атына оқ тиіп өзі қоршауда қалады. Жазалаушылар тобы Исатайды өлтіреді, ал Махамбет пен Исатайдың 14 жастағы ұлы Досмағанбет басқалармен бірге қоршауды бұзып шығып, құтылып кетеді. 

Исатайдан айрылған Махамбет:
“Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаны мен едім.
Мен де айрылдым елімнен;
Көл қорғаны сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен” - деп халыққа теңдік тиетін күн, жер дауы шешілетін күн алыстап кеткендігін айтып налиды. 

Махамбеттің өзі де көп өтпей – 1846 жылы сатқындардың қолынан қаза табады.  “Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді” деген қазақта сөз бар. Халықты ұлт-азаттық көтеріліске бастаған Махамбет батырдың һәм ақынның рухты жырлары, азат ойлары өлген емес. Арадан 1,5 ғасырға жуық өткен соң Махамбеттің “ұлы арманы” орындап тәуелсіздікке жеттік. Әлемде шекарасы айқын, бағыты нақты азат елге айналдық.

0
Рейтинг: +1

Фото: kazakhs.kazakh.ru
Қосылған күні: 21 қараша, 09:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.