Үш бірдей зұлматты көрген ақын Мұқағали

Үш бірдей зұлматты көрген ақын Мұқағали
Фото: bilim-all.kz

Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 87 жыл. 1931 жылы дүниеге келген ақынның алғашқы балалық шағы ашаршылық кезеңімен бірге өтті. Ал 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде оның жасы алтыда еді.

Ақынның қарымды қаламгер болуына оның балалық шағының әсер еткенін айта кету керек. Себебі 10 жастағы бала Мұқағалидың көз алдында Екінші Дүниежүзілік соғыс басталды...

Ақынның поэзияға келуі 14-15 жасында қалыптасты. Себебі дәл осында шағын ақын бүкіл қазақ әдебиетінің және әлем әдебиетінің классиктерін оқып шықты.

1973 жылы Жазушылар Одағының жолдамасымен Мәскеуге барып білім алған ақын туралы алып-қашпа әңгіме көп. «Мұқағали оқымаған», «толыққанды білім алмаған» дейтін замандастары бар. Дегенмен Мұқағали Мақатаев өте білімді және кез келген адамның қолы жете бермейтін жоғары оқу орындарында дәріс алған.

18 жасында өзінің сүйгені Лашынды жары етіп жанына серік қылады. Арада біраз уақыт өтіп тұңғышы Ләззат дүниеге келеді. Өкінішке қарай, ерте қайтыс болған қызы әкесінің тағдырына үлкен әсер етеді. Майгүлі дүниеге келіп қуаныштан бөркін аспан аттым ба дегенде, ол да көлік апатынан қайтыс болып, ақын үшін өте үлкен соққы болады. Оның қыздарына арнаған өлеңдері қазақ поэзиясының ішіндегі классикалық туынды ретінде бағаланады.

Ақынның өзі ауруханаға түсіп, төсек тартып жатқан кезде дәрігерлер арқылы өмірінің соңы ұзаққа бармайтыны жайлы шындықты білген соң, арасы 12 жыл ішінде 8 жыр жинақ жарыққа шығарып үлгереді. 

М. Ақан