Джек Лондонның тегі – Чейни. Лондон кім?

Джек Лондонның тегі – Чейни. Лондон кім?
Фото: changeua.com

Америкалық жазушы, көптеген шығарманың, романдардың, очерктер мен мақалалардың авторы Джек Лондонды бүкіл әлем әдебиеті таниды. Бала күнінен теңізде өскен жазушының қаламынан туған туындылардың барлығы дерлік теңіз айналасындағы тұрмыс-тіршілікке толы. Бүгін – жазушының туған күні. 1876 жылы 12 қаңтар күні дүниеге келген жазушының шыны есімі кім?

Ақиқатына келсек, Джек Лондон оның лақап аты да емес және өз есімі де емес. Себебі оның шын есімі Джон Гриффт Чейни. Анасы – Флора Уэллман. Анасы Сан-Францисконың Шығыс жағалауында музыка пәнінен сабақ берген. Одан бөлек Д.Лондонның анасы ежелгі үнді тайпаларына тән рухтармен сөйлесе алатын қасиетке ие болған. 

Уильям Чейни бұл кім? 

Әлемге әйгілі астролог. Деректерге сүйенсек, Уильям Чейни Джек Лондонның әкесі болуы мүмкін. Бірақ нақты дәлелдеме жоқ, себебі 1906 жылы Калифорнияда болған жер сілкінісі кезінде Д.Чейни мен Ф.Уэллман арасындағы некені растайтын құжаттар жоғалып кеткен. 

Кейбір еңбектерде Чейни бала сүйгісі келмеген. Мұны білген әйелі Флора баласы Джекті күңі Вирджини Прентисске беріп жібереді. Арада біраз уақыт өткен соң Азамат соғысының ардагері Джон Лондонға тұрмысқа шыққан Флора баласын алдырып алады. Осыдан кейін барып Джек Лондон есімі пайда болған. 

Джек Лондонның өзі әкесінің шынымен кім екенін 21 жасында білген және сол жайында деректер іздеп жүріп У.Чейнимен хат алысқан. Ең қызығы жоғары білімін жалғастырып жүрген Джек Лондонның оқуын тастап, жазуға бет бұруына тікелей әсер еткен осы өз әкесі. 

Джек Лондон 40 жасында бауырына келген зақымнан дүние салды. 

М. Ақан