Ертең Бауыржан Қарағызұлының оқырмандармен кездесу кеші өтеді

Ертең Бауыржан Қарағызұлының оқырмандармен кездесу кеші өтеді

Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасында ертең, яғни 17 қазан күні сағат 15:00-де Бауыржан Қарағызұлының "Жұмбақтасқа жауған күз" атты оқырмандармен кездесу кеші өтеді.

Айта кететін болсақ, аталған кездесу ақынның туған күніне орай өтейін деп отыр. Өзіндік ерекшелігі бар, тұнған сезім мен жүрек тебіренісі арқылы өлең жазып, өлеңді махаббат деп түсінетін ақынның мерекесіне дос-жарандары мен сыйлы қонақтар келеді.

Естеріңізге салсақ, Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Ақын, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық әдеби конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері. (2006-2008 ж.) «Әлемге әйгілі – Астана» атты жыр мүшәйрасының Гран–При жүлдесінің иегері. (2010 ж.) Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықтың иегері (2010ж.) «Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң.Мен.Түс.» атты жыр-кітаптарының авторы.

Ақынның кітабын қолтаңбасымен қоса алғыңыз келсе, асығыңыз!

сурет ақын мұрағатынан

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига