Кітап сөресіндегі қалалық кварталдар

Кітап сөресіндегі қалалық кварталдар
Фото: vk.com

Әрқайсымыздың үйімізде жеке кітапханамыз бар. Ол біреудің үйінде шағын ғана болса, енді біреулердің тұтастай бөлмесін алып жатуы мүмкін. Біреуде бұл өте әсерлі. Бірақ лондондық суретші Даниэль Стрэйт кітап сөрелерін қалалық кварталдарға айналдыру жайын ойластырып көрді. 

Суретші сөрелердегі кітаптардың тамырында орналасқан бүкіл қаланы құруды көздейтін ауқымды жоба бойынша жұмыс істейді. Ол жұмысын ең әуелі өзі туған Лондоннан бастады. 

Дэниел суретті компьютерге салады да, атақты Лондон ғимараттарын және бүкіл блоктарын қағазға басып шығарады. Кейіннен бұл кескіндерді сөредегі кітаптарға жапсырады. Бірдей сериядан бірнеше кітап бар болса, ол Лондонның тарихи ғимараттарының тұтас блоктарын салады. 

Суретшінің бүгінгі сандық технология қарыштап дамып жатқан заманда қағаз кітаптар өзінің құндылығын жоғалтуы мүмкін деген қорқынышы бар екен. Сол себепті де ол осындай креативті идеялармен шұғылдануды жөн көрген. Бір адамның болса да оқуға деген ынтасын оятсам деп ниеттенген суретшінің бұл ісі ерлікпен парапар десек болатындай...

Ж. Жұмағұлов