Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Сіз кімсіз, Мо Янь? Қытай жазушыларын оқу керек болды!

Сіз кімсіз, Мо Янь? Қытай жазушыларын оқу керек болды!

Сіз кімсіз, Мо Янь? Қытай жазушыларын оқу керек болды!

Cтокгольмде әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы қытайлық қаламгер Мо Яньға бұйырды. 

57 жастағы Гуань Мое көпшілікке «Мо Янь» деген бүркеншік есіммен танымал. Және аталған есімнің аудармасы «үндемес» деген мағынаны білдіреді. Өз кезегінде "Үндемегеннен үйдей бәле шығады" - дегендей, бүгінгі таңда бүкіл әлем жұртшылығы кезекті бір сенсацияның куәсі болып отыр. Әйтпесе, америкалық, не болмаса, жапон жазушысына (кімді айтып отырғанымды білетін шығарсыз?) бұйырады деп отырған жүлде "Аспан асты елінің" өкіліне кетеді деп кім ойлаған?!

Бәрінен бұрын ең қызығы, Қытай жұрты да Моны жақсы тани бермейді. Дәл осындай бір қызықтың куәсі 2000 жылы орын алған-ды. Францияға жер аударылып, сыртта жүріп кітап жазған Гао Синцзянь Нобель сыйлығын иемденіп шыға келген-ді. Не де болса, Мо мырзаның романы бойынша түсірілген Чжан Имоудың "Красный гаолян" атты киносы бар ауыртпалықты өз мойнына алғандай...

Айта кететін болсақ, Нобель сыйлығының әр саласындағы жүлде қоры 1,2 миллион долларды құрайды.

Естеріңізде болса, өткен жылы әдебиет саласында бас жүлде швед ақыны Томас Транстремерге бұйырған болатын.

Марапаттау дәстүр бойынша Стокгольмде 10 желтоқсан күні швед қайраткері және өнертапқышы Альфред Нобельдің өмірден өткен күніне орай өткізіледі. 

сурет:sabah.com.tr

Дайындаған: Фараби Бақыт

1798 7
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 12 қазан 2012, 12:09
Пікірлер
+0
12 қазан 2012, 12:26

Сөйтсе Қытай жазушысы Нобель сыйлығын бұйым көрмейді екен. 18 швед акадекиктері мықты екен. Шынымен де бар әлемді таңғалдырды. Енді өздері де таңғалып отырға шығар :lol:

+0
12 қазан 2012, 14:40

Оқу керек екен)

+0
12 қазан 2012, 14:41

ендігіде бір шығармасынан үзінді болса дұрыс болар еді

+0
13 қазан 2012, 17:43

осыны аударып берейік, а? идея! ))))

+0
17 қазан 2012, 15:43

Қарапайым егіншінің баласы, Күні бүгінге дейін Нобель силығын алған Қытайда бұл ғана емес. Гау Шиң Шан, Лю Шияо Бо тағы да басқалары бар. Бірақ бәрі дерлік Қытай үкіметінің саясатына қарсы пікір білдіргендігі үшін өз елдінде ұлт сатқыны деп танылып келді. Және олардың бірде-бірі қытай елінен қоныс аударып кеткендер. Бірақ, Мо Ян силық таратылу салтында Пекинде немесе Шветцияда болмастан, ауылында күзгі жиін-терім жұмыстарымен жүрген. Шығармаларының дені Қытайдың жоспарлы туу саясаты, мөралдіқ азғындау, шіріктесу секілді қоғамдық мәселелерін көтерген. Қарапайым ғана егіншінің баласы силық өзіне берілген сәтте де қуана алған жоқ. Себебі сан алуан қытай ақпараты, интернет желілерінде оның шығармалары қатты сынға ұшыраған. Көптеген адамдар Нобель силығын алуға татымайды деп есептеген.
Бірақ, силық таратылып, аз ғана сәттерден соң-ақ оның кітаптары Қытай еліндегі әр алуан баспалардан миллион-миллион тиражбен шығып үлгерді.

+0
17 қазан 2012, 15:46

Қарапайым егіншінің баласы, Күні бүгінге дейін Нобель силығын алған Қытайда бұл ғана емес. Гау Шиң Шан, Лю Шияо Бо тағы да басқалары бар. Бірақ бәрі дерлік Қытай үкіметінің саясатына қарсы пікір білдіргендігі үшін өз елдінде ұлт сатқыны деп танылып келді. Және олардың бірде-бірі қытай елінен қоныс аударып кеткендер. Бірақ, Мо Ян Нобель силығы анықталған сәтте Пекинде немесе Шветцияда болмастан, ауылында күзгі жиін-терім жұмыстарымен жүрген. Шығармаларының дені Қытайдың жоспарлы туу саясаты, мөралдіқ азғындау, шіріктесу секілді қоғамдық мәселелерін көтерген. Қарапайым ғана егіншінің баласы силық өзіне берілген сәтте де қуана алған жоқ. Себебі сан алуан қытай ақпараты, интернет желілерінде оның шығармалары қатты сынға ұшыраған. Көптеген адамдар Нобель силығын алуға татымайды деп есептеген.
Бірақ, силық таратылып, аз ғана сәттерден соң-ақ оның кітаптары Қытай еліндегі әр алуан баспалардан миллион-миллион тиражбен шығып үлгерді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...