Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Мойындау

Мойындау

Небары 30 жыл ғұмыр кешкен қазақтың классик ақыны Төлеген Айбергеновтің жары Үрниса Оспанқызына деген сезімі, олардың екеуара махаббаттары айнымас достық пен ғажап сыйластықтың нышанындай болған деседі. Төлеген мен Үрнисаны байланыстырған ортақ дүние – өнер. Олардың шынайылығы, ілтипаты, адами қасиеттерден бөлек, бір-біріне деген тап-таза мөлдір махаббаттары сол кездегі замандастарының көз алдында. 

Асылы, ақынның жары болу оңай болмаса керек. Ақынның толқынысты сәті өлең туғаннан кейін болады. Ондай кезде ақыннан асқан бақытты жан жоқ. Тура осындай сәтті басынан кешкен Төлегеннің аяулы жары Үрниса Оспанқызының естелігіне үңіліп көрейік. 

"— Қоңыраттан Сарыағашқа көшіп келгесін көп дос таптық, — деді Үрниса жеңешем маған шай құйып отырып, — жиі бас қосамыз. Осындай кештерде әдемі әңгіме, ән айтылады. Сосын жұрт қолқалап, ағаңа өлең оқытады. Шынымды айтсам, маған бұл ұнамайтын. Олар күлкі қылып жүрген сияқты көрінетін. Бір күні оңашада өзіне ойымды айттым: «Төлеген, сенің мұғалім, кешкі мектептің директоры деген атың бар ғой. Сол да жетпей ме? Жұрт кеу-кеулегенге қолыңды сілтеп, өлең оқисың келіп. Ақын деп сені мазақ қылып жүр олар...». «Е, шынымен ақын емеспін бе?». «Ақын дегеннің өлеңі газет-журналдарға шықпай ма екен? Солай болып, жұрт мойындап жатса, бір сәрі, осындағы азғантай топтың өтірік қолпаштағанына мәзсің. Енді өлең оқитын болсаң, сенімен бірге қонаққа бармаймын...». Бетіме ұзағырақ қарап, тұрып қалды, бірақ үндеген жоқ. 

..Бір күні Шымкентке кетіп, ерекше көңілді оралды. Бір әнші қызды көріпті. Соның сұлулығын айтып, тауыса алар емес: «Үрниса, ана қызды көрсең бар ғой, тура сен де ғашық боласың. Әдемі ғой, әдемі. Шіркін, дауыс қандай...». 

Жігіттер келе қалды. Аузының суы құрып, оларға да сол қыз туралы әңгіме айтып отыр... 

Қонақтар кеш тарап, ыдыс-аяқты жуып болғасын жатып қалдым. Алдында бала ауырып, ұйықтамағаным бар, мейман күткенім бар, қатып қалыппын. Бір кезде ағаң оятады: «Үрниса, тұршы. Мен бір өлең жаздым, тыңдашы». «Қойшы, Төлеген, ертең оқырсың...». «Жо-жоқ, қазір тыңдашы...». Сүйретіліп әрең тұрдым. Пердемен бөлінген ауызғы бөлме есебіндегі жерге келдік. «Үрниса, кеше Шымкентте бір әдемі әнші қыз көрдім дедім ғой, соған арнап өлең жаздым...». Қаным басыма тепті. Ұйқым шайдай ашылды. «Мен ғой бұның баласын бағамын, қонағын күтемін. Ал бұл...». Басымды кілт көтеріп, жүзіне қарадым да, тілімді тістей қойдым. Ерекше нұрланып кетіпті. Көзі от шашып, шабыттанып тұр. Маған бейне бір әйелі емес, сырлас досы, оқырманы сияқты қарайды. «Оқы...» дедім еріксіз. Шашын бір сілкіп тастады да, оқи жөнелді: 

Жатады сенің құз кеудең толқып, басылып, 
Ойнайды сезім жүзіңде сенің от болып. 
Әндерің сенің тауларға заңғар басы бұлт, 
Барады мені бөктеріп... 

Оқып бітті. Сабақты жақсы айтып, мұғалімнен мақтау күткен баладай үміттене қарайды. «Төлеген — сен ақынсың!», — дедім, — Мықты ақынсың!» «Рас па, Үрниса?». «Рас!» Бас салып, құшақтай алды. Содан екеуміз таң атқанша шай ішіп, әңгіме айттық..."

2
Рейтинг: +1

Фото: youtube.com
Қосылған күні: 05 қыркүйек 2017, 10:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.