Бұтақтың суретін салғанда желдің тынысын сезе біл

Бұтақтың суретін салғанда желдің тынысын сезе біл
Фото: turizmdom.ru

Күншығыс елі де өз алдына озық мәдениетті ел. Біз Жапонияны әлемдегі ең бір құпиясы ашылмаған мемлекет ретінде танимыз. Жапондықтардың даналығын Шынар Әбілдәнің аудармасында оқи отырыңыздар. 

1. Есі ауысқандар мен ақымақтарға жол бер. 

2. Тез деген — баяу қимылдау, бірақ үзіліссіз. 

3. Биікке шыққысы келіп өзеуреген жан түбінде өзіне баспалдақ табады.

4. Кеткісі келгенге жармаспа, есік қаққанды қума. 

5. Бұтақтың суретін салғанда желдің тынысын сезе біл. 

6. Қайғыны жыртық көйлегің сияқты үйде қалдырып кет. 

7. Теңіздің үлкендігі кішкентай өзендерді де бауырына басатындығынан. 

8.  Он жаста — данышпан, жиырмасында — кемеңгер, отыздан кейін – қарапайым адам. 

9. Қарсыласынан жарты сағатқа ұзақтау төзген адам жеңеді. 

10. Мінсіз құмыраны ешқашан нашар шебер жасамайды.

11. Қолыңнан келгеннің бәрін істе, қалғанын тағдырыңа қалдыр. 

12. Адамға күдік келтірмес бұрын жеті рет тексер. 

13. Күн жақсыларды білмейді. Күн жамандарды да танымайды. Күн біреуді жылытайын демейді. Өзін тапқан адам күндей жарқырайды. 

14. Қарапайым адамдар болмаса, ұлылар да болмас еді. 

15.  Егер түйткілдің шешімі бар болса, оны уайымдаудың қажеті жоқ. Шешімі болмаса, оны уайымдау бекер. 

Ж. Жұмағұлов