Мен Есенинді сүйемін, сіз де Есенинді сүйесіз

Мен Есенинді сүйемін, сіз де Есенинді сүйесіз
Фото: vk.com

Өңім сары, менің-дағы көзім көк,
Ұқсар ма екен бірақ саған сөзім тек.
Қала алам ба жүректе де, білмеймін,
Сала алам ба сен секілді сезімге от.
Медет Дүйсенов

Иә, сезімге от салған Сергейді сүйген арулар аз болмады. Ақын да аз аруды сүймеді. Оған ессіз ғашықтар көп еді. Олар Серіні бір-бірінен қызғанып әлек болатын. Есениннің көңілі ауған көп қыздың қатарында ақын-аудармашы Надежда Вольпин болғанын біреу білсе, біреу білмес.

Бұл бикештің қызғанышы өзгелердікінен ерекше еді. Себебі, ол ақынды қыз-қырқыннан емес, оның өзінен қызғанатын: 

«Айна!.. Мен Сергейді ешқандай әйелден дәл айна мен тарақтан қызғанғандай қызғанған емеспін. Ол нағыз Нарцистей айнадағы өз келбетіне сұқтана қарап, алтын шаштарын тараған кезде жүрегім жиырылып, кеудемді қызғаныш қысатын.

Бір күні әзіл-шыны аралас: «Екеуміздің талғамымыздың ұқсастығына таң қаламын! Мен Сергей Есенинді сүйемін. Сіз де Сергей Есенинді сүйесіз,» - дедім шыдамым таусылып.
Ол болса мырс етіп күлді де қойды».

Надежда Вольпиннің естелігінен

А. Оралқызы