Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Көзімді аялай біл!

Көзімді аялай біл!

Көзімді аялай біл!

Көркіне көз сүрінердей бір сұлу қыз болыпты. Бірақ оны өзінен басқа тек бір жігіт қана құлай сүйеді екен. Өйткені, бойжеткеннің көзі су қараңғы еді.

Ақкөңіл жігіт үнемі оған қарайласып жүреді екен. Оған деген махаббаты да еш суымапты. Бір күні ол қызға:

- Маған тұрмысқа шығуды қалайсың ба? - деп жүрек лебізін жайып салыпты. 

- Саған обал еткім келмейді. Көзім шырайдай жанып, бүкіл әлемді көрген сәтімде еш ойланбастан саған жар боламын. 

Арада күндер зулап өтіп жатты. Бір күні ұйқысынан оянған қыздың көзі аяқ астынан жазылып, мейірлі күнді, бұйығы көлді, буырқанған теңізді, көк аспанда құйқылжыған құстарды, бар дүниені, ең бастысы - өзін құлай сүйген жігітті де көріпті. Бірақ, оның сол сәттегі қуанышты көңілі су сепкендей басылыпты. Ол өзінің үнемі қасында жүретін жігітінің су қараңғы соқыр екенін еш ойламаған еді. 

- Кешір, саған үйлене алмаймын. Мен мынау сұлу дүниені көре алмаудың қасіретін жақсы білем. 

Жігіт қатты азаптаныпты:-

Мейлі, маған тұрмысқа шықпай-ақ қой, бірақ, сүйіктім, менің көзімді жаныңдай аялай біл! - депті жыламсырап. Сосын аса таяғымен жол жиегін қармалап, кете барыпты. 

Ақ көңіл жігіт өзінің қос жанарын құлай сүйген махаббатына сыйлаған еді.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: films-online.su

2758 10
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 04 қазан 2012, 19:02
Пікірлер
+0
04 қазан 2012, 22:55

бір кәріс клипінен аумайды екен. Сол клипті, яғни осы әңгімені оқып, біраз толғанып едім.

+0
05 қазан 2012, 00:13

Түу, әттең, мынадай құрғақ сөзбен қысқаша "реферат" жазғандай қылмай, жаза алатын адам жазғанда ғой - оқырманды шын жылататындай оқиға екен,,, Ұялыларда жүрген "Соқыр ана" оқиғасын талайымыз естіген шығармыз, кәдімгідей жылатты ғой тыңдарманын...

+0
05 қазан 2012, 12:56

"Соқыр Ана"-баласына бір көзін беретін оқиға емеспе?

+0
05 қазан 2012, 08:57

мынандайда әңгіме бола ма не?

+0
05 қазан 2012, 10:24

бұрын естім ем. Адамдардың кейде пенделігі қатты көрініп тұрғанда ызаң келеді

+0
05 қазан 2012, 10:32

Алшын Матай қай жерден алып дайындадың білуге бола ма? сол жерден өзңме әсерлі етіп оқып алайын

+0
05 қазан 2012, 11:09

еее, Қытай тілінде шағын әңгіме жанры бар. ерекшелігі де сол. көркем сөз, көрікті ой қоспайды. тек, нақты, ондыққа тиер тұсын ғана жазады. интернет бетінде жүретін авторсыз осындай әңгімелер жетерлік қытай тілінде. меніңше интернет әдебиеті олардың төл әдебиетінен де жақсы оқылады. жеткізе алмаса кешірерсіздер, Көркем туынды болмағасын тіке аударма жасағаннан өзге алып-қосар ештене жоқ.

+0
05 қазан 2012, 12:57

Мына оқиға желісінде түсірілген клип бар едіғой :roll:

+0
05 қазан 2012, 19:13

Пенделік дегеніңіз - жарымжан жігіттен бас тарту ма? Меніңше, бойжеткен өте дұрыс (дұрыс емес те шығар бірақ дана) шешім қабылдады. Иә, бір қарағанда рахметсіздіқ, пендешілік сияқсы біз үшін, бірақ бірнеше күн бұрын қыз "жарымжан қалпыммен адамды өзіме қалай байлап қоя алам?" деп қиналды, азаптанды, өзінің шектеулі мүмкіндігі махаббат алдындағы қауқарсыз жанын жегідей жеді. Мінекей, қанша борыштар, қанша ғашық боп тұрса да бұл азапты жігіт бастан кешпесе деді. Өзің соқыр бола тұра көздері сау адамға "масыл" болудың азабын тартты ару, бұндай сезімді жігіт сезбесе деді. "Тастап кетті" деп қиналғаны оңайырақ па деп ойлады меніңше. Жігіттің өз көзінен бас тартқаны қандай ерлік болса қыздың махаббатынан бас тартқаны сондай ерлік. Клипті көрмегем, мүмкін ол жерде "лақтырып" кеткен шығар, ал оқи отырып мен осындай түйінге келдім...

+0
06 қазан 2012, 01:28


- Кешір, саған үйлене алмаймын. Мен мынау сұлу дүниені көре алмаудың қасіретін жақсы білем. осы бір қысқа диялок үшінде жасампаздыққа талпынған шығарма десек болмақ керек. алайда қысқалық қашанда обыраздылықтың қас құрбаны емес. қысқалық -көркемдіктен қол үзу...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...