Әйгілі қаламгерлердің ең жақсы көрген тағамдары

Әйгілі қаламгерлердің ең жақсы көрген тағамдары

Пушкин, Лермонтов, Дюма, Гоголь, Крылов… Оның ішінде кімнің өрік жеп шаршағанын, кімнің патша сарайының дәмін татқысы келмегенін, кімнің тәтті самса жеуден жалықпайтынын - бәрісін-бәрін бір тізіп беру сол баяғы Агата Кристидің ғана қолынан келуі мүмкін еді. Айтпақшы, Агатанының өзі де тәбеті жағынан ешкімге дес бере қоймаған. Ендеше, төмендегі мақаладан оқыңыздар.

Агата Кристи. Кішкене ашқарақ

Атақты ағылшын жазушысы бір сөзінде ашқарақ болғанын айта кетіпті. "Бала кезімнен бастап тамақ, көкөністерді қанша жегенмен, аш болып жүретінмін. Және асқазаным бірнәрсе жегісі келеді де тұратын. Міне енді қазір сол шақты еске алсам, еріксіз күлкім келеді. Тамақты ең көп жейтін адам қалай ғана толмаған"- деп он екі жастағы балалық кезін еріксіз жымиыспен еске алған.

Ең қызығы сол, 22 жасында бойжетіп, ел алдына шығып жүрген аруымыз өзі құралпас бір бойжеткенмен тамақ жеуден жарыс ұйымдастырыпты. Сондағы болған бәсекеде кім жеңді дейсіз ғой? Әрине, аталған "спортта" британдық бикеш сорпа ішуден қалып қойғаны болмаса, тамақ жеудің қалған бөлігінде бірдей келіпті. Яғни піскен бір тауық еті, семіз малдың тоқ сүбесі және тәтті тоқаштар мен жеміс-жидектер, Британ асханасының бірнеше ұлттық тағамдары, апельсин, жүзім, күріш қосылған сорпа - осының бәрі екі бойжеткеннің асқазанында кеткен екен.

Қаншалықты шындық екені белгісіз, бірақ ағылшын жазушысы өз басынан өткен осындай қызық оқиғалар туралы күнделігіне жазып қалдырған. Ал әйгілі жазушының ең жақсы көретін тамағы қаймақ болыпты. Және бүкіл өмірінде қаймақтан бірде-бір рет бас тартып көрмеген.

 

Үлкен Александр Дюма. Кітап пен таба ортасында

Атақты француз жазушысы Александр Дюма үш мүшкетер туралы триологияның авторы ғана ретінде емес, бүкіл әлемге тосын қылықтарымен де танылған жан. Тіпті, сол кезде әйгілі қаламгердің замандастары ерекше жан иесін табаның сабы үшін қаламын да тастап кетеді деп қылжақ қылған.

Кітап пен асханада алма-кезек жүгіріп жүрген жазушы тиісінше бір шығармасын тамаққа арнапты. Әрине, өзі құрастырмақ болған сол сөздікті жазушы аяқсыз қалдырып кеткен соң, Анатоль Франс есімді жазушы бітіріп, шығарады. 

Ең қызығы сол, әлгі сөздікте орыстың бес тағамының аты бар. Және бәрі шетінен қуатты, құнарлы астар екен.

Александр Пушкин. Картоп 

"Түсте жеуге болатын тағамды кешке қалдырма" - деп атақты ақынның өзі айта тұрып, ешқашан тамаққа аса бір мән бере қоймапты. Ол туралы досы, ақын Петр Вяземский: "Пушкин тамаққа бір көңіл берсе, соңына дейін тауысып тастайтын. Менің есімде, Торжке елді-мекенінен жолай кетіп бара жатып ақын досым жиырмадан астам шабдалы мен алмаларды бір демде бітіріп тастады" -деп айтыпты.

Әрине, Пушкин сол уақыттың ақсүйектері қалыптастырған әдет бойынша, француз асханасынан ғана тамақтануға мәжбүр болған. Әйтпесе, өзі қарапайым орыс асханасын көңілі қалапты. Сұлулықтың хас патшайымы болған Анна Керннің естелігінде, Надежда Осиповна (Пушкиннің шешесі) баласының алдынан картоп алып шығып отырған. Ал ендігі бір деректерде көршілері дайындаған алма қосылған бәлішті жақсы көрді десе, тәтті тағамдардың ішінде тосапты ұнатыпты.

.

Михаил Лермонтов. Үгіндісі бар бәліштердің әуесқойы

Бұл ақын асхана мәзіріндегі тағамдарды бір-бірінен ажырата алмайтын болған. Бұл туралы сүйіктісі Екатерина Сушкованың хаттарында азды-кемді жазылып кетіпті. Бірақ, бұның бәрі жас ақынның өз қатарластарының ортасында тағам жөніндегі бәсекеде кері әсерін көрсетпеген. Есесіне беті үгіндіге толтырылған бәліштерді алды-артына қарамай жей берген. 

Иван Крылов.  Қаймақ жағылған 30 бәліш

Андреевич шын мәнінде нағыз ашқарақтың өзі болған. Шындыққа ұласып жататын ел аузында тараған әңгімелерде бір отырғанда отызға жуық жұқа қаймақ жағылған уылдырықты жеп қоятын болған-мыс. Ал моллюскілердің сексенін жемей тоқтамайтын болыпты. Ең қызығы сол, патша сарайынан дәм татқан соң, көбіне үйінде ас күтіп тұрған. 

Николай Гоголь. Макаронды ұнатушы

Жазушының ең жақсы көретін тамағы итальяндық макарон болған. Және жазушы әрқашан өзі жасауды ұнатқан. Мәселен, тұз қосып, перец салып, дәмдеуіштерді қосуға келгенде ерініп көрмепті. Ең қызығы сол, тәтті тоқаштардың қай жерде сатылатынын жазушыдан жақсы білетін ешкім болмаған. 

сурет:etoday.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига