Кітап – қағаздан, қағаз – ағаштан. Неге керісінше істемеске?

Кітап – қағаздан, қағаз – ағаштан. Неге керісінше істемеске?
Фото: vk.com

Өзге адамдар секілді америкалық дизайнер Jim Rosenau да әдебиетке қызығып өсті, көркем шығармаларды көбірек оқыған сайын оған деген құрметі артты. Оның қолынан шыққан Second Editions дизайнерлік жаһаздары осының дәлелі болса керек. Шебердің жиһаздары толығымен кітаптан тұрады.

Кітап қағазға басылады, қағаз ағаштан жасалады. Неге бәрін керісінше істемеске? Дәл осындай ой дизайнерді ұйықтатпай, іске кірісуге итермелейді. Ол осы ойын іске асыру үшін мықты, берік түптелген кітаптарды іздестірді. Бұл туралы естіген достары және әдебиетке құмар қарапайым жандар көмекке келіп, өздерінің үйінде жатқан ескі кітаптарының мұқабасын әкеліп берді. 

Бел буып кіріскен істің нәтижесінде кітаптан жасалған керемет орындақтар, үстелдер пайда болды. Сонымен бірге шкафтарды, газет-журнал қоятын үстелдерді де көруге болады. Мұның барлығы бір қарағанда жай жұмыс көрінгенімен, әжептәуір уақыт кететін іс екендігі мәлім. Шеберді итермелеген әдебиетке деген махаббаты һәм шексіз құрметі еді. 

Дизайнер Беркли қаласында тұрады. Оның сол қалада "This into that" атты жеке дизайн студиясы мен шеберханасы бар. Шеберді бұл іске итермелеген әдебиетке деген махаббаты һәм шексіз құрметі еді. Қарапайым ғана шебердің бұл жұмысы кімге болса үлгі боларлық іс.
Сізге қайсысы ұнады?
Ж. Жұмағұлов