Lili Lite – шам, сөре және кітап қыстырғыш

Lili Lite – шам, сөре және кітап қыстырғыш
Фото: vk.com

Кітап оқитын адам – ең бақытты жан. Олар уақытын текке жұмсамайды. Олар әр сәтінің қадірін біледі. Бүгінгі таңда адам баласы үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Кітап оқуға талпындыру мақсатында бірнеше жобалар ұйымдастырылып жатыр. Адамға тек оқу ғана қалады. 

Шетелдік дизайнерлер кітапқұмарларға арнап көп функциялы ерекше құрылғы ойлап тапты. Оның ерекшелігі қандай? Біле отырыңыз!

Lili Lite деп аталатын құрал бір мезгілде шам, кітап сөресі, тіпті кітап қыстырғыш бола алады. Осынау бірегей дизайнерлік жоба Smeets Design студиясының қызметкерлерінің ойымен жасалған.

Бір қарағанда үш ойды бір дүниеге сыйғыза білу – шеберлік. Дизайнерлер Lili Lite үшін тағы «ақылды» функция ойластырды. Егер сөредегі кітап ашық болса, сіз келіп кітапты алмайынша жарық жанбайды. Кітапты қолыңызға алған кезде ғана жарық іске қосылады. Бұл кітапқұмарлар үшін ерекше ұсыныс болары хақ. Бас даярлаушы Тийс Смитстің айтуынша, ол бірде кітапты сөреден түсіріп алады. Бұл оның ашуын тудырып, қолына қарындаш пен парақ алып ойлануына түрткі болады.

Ж. Жұмағұлов