Достоевскийдің дана ойлары

Достоевскийдің дана ойлары
Фото: user.vse42.ru

Достоевскийдің есімі тарихта алтын әріптермен жазылары хақ. Өйткені, әлемнің кез келген "мен" деген қаламгерлерінің өзі одан аттап кетпейді. Бүгінде оның шығармаларын бүкіл әлем оқиды. Барлық жазушы оны ұстаз тұтады. Ол туралы көп сөз айтудың да қажеті шамалы. Әйгілі жазушының дана ойларынан сусындай отырыңыздар.

***

Адам қаласа уақыт табады, қаламаса сылтау табады. 

***

Достым, есте сақта, үндемеу жақсы, қауіпсіз əрі əдемі.

***

Сіз үшін бәріне дайын адамға қиянат жасамаңыз.

***

Адамды жақсы көру үшін онымен бірге болу маңызды емес. Тек кейде оның суреттерін көріп, жағдайы жақсы екенін білу жеткілікті. 

***

Күннің бір ғана сәулесі адам жанын жылытуға қауқарлы екеніне таңмын.

***

Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет - ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой. 

***

Ақымақ, өзінің ақымақ екенін мойындаған сәттен бастап ақымақ емес. 

***

Әр бір күніңді соңғыдай етіп өмір сүр, өйткені бір күні солай болатыны анық. 

***

Көп адам қорқатын үш нәрсе бар: сенім арту, шындықты айту, шынайы болу.

***

Барлығы өзгереді. Жаулар досқа айналады. Жақын адамдар қасқа. Кезіндегі сүйікті жандар жай танысқа. 

***

Мақсатыңа жету жолында саған қарай үрген әр итке тас лақтыру үшін тоқтай берсең, онда мақсатыңа ешқашан жете алмайсың. 

***

Бірінші кешірім сұрау - бұл төмендіктің белгісі емес, бұл адамның ең жақсы қасиеті. 

***

Ғашық болу - сүю деген сөз емес: жек көріп тұрып та ғашық болуға болады.

Ж. Жұмағұлов