Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Жыламайтын мұңы бар жалғыз ақын

Жыламайтын мұңы бар жалғыз ақын

Жыламайтын мұңы бар жалғыз ақын

"Айтұма" - жас ақын Бауыржан Әліқожаның тұңғыш жыр жинағы. Өмірге шынайы қарай білетін Бауыржан шынайы баға да бере алады. Бүкіл әлемді шықтың жанарынан көретін ақын жастық шақтың жалынды кезі мен қызықты сәттерін әдемі, әсерлі, кестелі тілмен жеткізе алған.

Айналдырып тауларды баспалдаққа,

Шақырарардай сол әлем дос болмаққа, - 

Жүргеніммен жер басып ісім болмай,

Неге елеңдей беремін аспан жаққа?! -

дейді. Аспан жаққа елеңдеген ақынның көңілінде бір алаңдау бар. Бірақ, жылап, өзін-өзі құрдымға жіберетін мұңнан ада алаңдау. Сондықтан болар, қазіргі таңда жас ақындардың ішіндегі Бауыржанның аяқ алысы тіптен бөлек. Аманхан Әлімұлы секілді алдыңғы аға буын ақындар жоғары баға беріп, Бауыржанның болашағынан үлкен үміттер күтілуде.

Ең бастысы, Бауыржан лирикалық жырлардың нағыз майталманы десек, артық айтқандық емес. Тастай қатты ұйқастар мен нәзік сырлар, жарасымды теңеулер Бауыржанның қолтаңбасы іспетті. Өмірде де, өлеңде де салқынқанды Бауыржан жыламайтын мұңы бар санаулы ақындардың қатарынан.

Көңілдің қылын шертетін тұмса өлеңдер сізді елең еткізіп, жүрегіңізден жай табатыны сөзсіз. 

Бұл кітап - табиғат пен көңіл-күй үндестігінің көрінісі және тұнық лириканың жиынтығы һәм сұлулықтың мөлдір әлемі. 

Сурет: ақынның жеке мұрағатынан

Дайындаған:Фараби Бақыт

762 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 28 қыркүйек 2012, 13:36
Пікірлер
+0
28 қыркүйек 2012, 14:04

Бауыржан жыламайтын мұңы бар... сонылық екен

+0
28 қыркүйек 2012, 14:06

жыр жинағы шығатындай жөні бар, бір рет студенттік газеттен өлеңдерін оқығам, керемет енді :roll:

+0
28 қыркүйек 2012, 16:31

журфактың 1-курс студенті! магистрант : )

+0
29 қыркүйек 2012, 17:19

Бауыржанмен таныстығым сонау Шымкент қаласынан басталып еді. сол кезде ақ адамгершілігімен де, ақындығымен де, адам жанын түсініп білер азаматтығымен де жаныма жақын азаматтардың бірі болып кеткен. Ал кейін, Алматыда бір ортада өлең, өнер деп бірге жүрдік. Өлеңде жолың болсын, айға мұң шағып ұлыған Абаданым!

+0
30 қыркүйек 2012, 23:06

Жыр жинағын қайдан алсақ болады екен, білмейсіздер ме?

+0
30 қыркүйек 2012, 23:15

жыр жинағын біреулерден алып ап,оқып койдым, тамаша! Өз қолымен кітап әкеп берем деп ед, сонысын күтіп жүрмін

+0
03 қазан 2012, 23:52

Ұлттық кітапханада тұсауы кесілді. Оны автордың өзі айтқан болатын. Тіршілігімізді одан биік қойғанбай болмайық, бірақ расымен шаруалар болып, бара алмадым. Әйтсе де, Бауыржанның өлеңдеріндегі тұщымды ойларына таңғала да, келісе де оқитын адамдардың қатарындамын. Салмақты өлеңдері өрісін тапсын, бақытын жырдан тапсын деп тілегімді айтамын.

+0
07 қазан 2012, 20:03

10 күні журфакта Бауыржан Әлқожа мен Олжас Қасымның жыр жинақтарының тұсаукесері өтеді. келіңіздер!

+0
07 қазан 2012, 20:12

қалмай бару керек екен

+0
09 қазан 2012, 01:31

журфакта мұшайра өтед. толық ақпаратты қарала сырмақтан біліп алыңыздар! қапы қалмаңыздар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...