Нағыз кітапқұмарлар айтпайтын сөздер

Нағыз кітапқұмарлар айтпайтын сөздер
Фото: vk.com

Барлық дене мүшесіне әсер ететін үлкен миды жаттықтырудың ең тамаша тәсілі – кітап оқу. Кітап оқу жүйке жүйесін тыныштандыруда, дене-бітімді күшейтуде, әртүрлі аурулардың алдын алуда аса жоғары маңызға ие.  Жақсы кітап – рухани азық. 

Кітап оқудың тағы бір ерекшелігі, ол ұзақ өмір сүрудің кепілі екен. Жапония медицинасы осындай қорытынды шығарып отыр. Олардың айтуынша, ең ұзақ өмір сүретіндер – философтар, одан кейінгісі ғалымдар мен көркемөнершілер. Олар «кітап оқу – үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады. Кітап оқып болған соң да оның сыйлайтын әсері дене шынықтырудан кейінгі массаж секілді адамды рухани қалыпқа түсіріп отырады» дейді. Нағыз кітапқұмардан қарапайым адам қандай сөздерді естімейді? Біле отырыңыз!

1. Кез келген мерекеге немесе туған күнге нендей сыйлық алам деп бас қатырамын.

2. Менің ішім пысады, айналысатын жұмысым жоқ. 

3. Бұл өте тамаша кітап, бірақ киносы одан да жақсы.

4. Маған кітап дүкенінен ештеңе қажет емес. 

5. Менде кітап өте көп.

6. Оқитын ештеңе жоқ.

7. Демалыс яки мереке күндеріне ешқандай жоспарым жоқ. 

8. Мен ұйықтауға кеттім, алғашқы тарауын оқуға уақытым жоқ. 

9. Оқудан жалыққан сияқтымын. 

Сіз тағы не қосасыз?

Ж. Жұмағұлов