Ең танымал 10 электронды кітапхана

Ең танымал 10 электронды кітапхана
Фото: shcola2neman.ru

Бүгінгі таңда кітаптар электронды жүйге көшу үстінде. Бұл техника дәуірінің дамыған кезеңінде өте жақсы әрі ыңғайлы дүние екені баршамызға мәлім. Ең танымал 10 электронды кітапхананы білесіз бе? Кітапты электронды форматта оқығыңыз келсе, осы сайттарға кірсеңіз болады. Тек, бір ескерте кететін жайт, кітаптардың көпшілігі орыс тілінде. 

1. Максим Мошковтың кітапханасы (www.lib.ru) – орыстілді электронды кітапханалардың ішіндегі танымалы. Бұл кітапхана 1994 жылы ашылған. Авторлар мен оқырмандар кітапхананы күнделікті толықтырып отырады. Сервис ақша талап етпейді, барлығын тегін оқи аласыз. Бір кемшілігі – кітаптарды жүктей алмайсыз. 

2. «Альдебаран» кітапханасы (aldebaran.ru) кітапты ыңғайлы әр түрлі электронды форматта (epub, fb2, rtf, mobi, pdf) тегін жүктеуді ұсынады. 

3. Бүкіл Толстой ((www.readingtolstoy.ru) бір кітапхана ішінде. Әлемнің 49 елінің өкілдері Толстойдың 90 томдығының электронды нұсқасын жасап шықты. Барлық шығармаларды кез келген ыңғайлы форматта тегін жүктеп алуға болады. Орыс классигінің 700-ге тарта шығармасы топтастырылған.  

4. Энтузиаст Сергей Рублёв Фёдор Михайлович Достоевский ((www.fedordostoevsky.ru) туралы барлық ақпаратты бір жерге жинауды қолға алған. Бұл жерден тек қана кітаптар ғана емес, әр түрлі әдеби жаңалықтарды, сондай-ақ фотомұрағат пен мұражайлардың тізімін көруге болады. 

5. TarraNova кітапханасы (tarranova.lib.ru/about.htm) – өзін электронды кітапхана емес, мұрағат деп атауды өтінеді. Сайт басшылығының айтуынша, барлық мәтін авторлардың келісімі бойынша салынған. 

6. Libereya.com (www.libereya.com) – «Либерейя» онлайн-кітапханасын тіркелгеннен кейін ғана тегін қолдануға болады. Қолданушыларға көптеген міндеттер жүктеледі, алайда кітаптар тізімі өте жақсы.  

7.  Артефакт (artefact.lib.ru/library) – кітапханасында 8 мыңға жуық мәтін бар. Бұл кітапхананың бір артықшылығы – кітаптар тек орыс тілінде емес, әлемнің 32 тіліндегі кітаптарды таба аласыз. Барлық файлдар тек doc форматында ғана.

8. ThankYou.ru (thankyou.ru/lib) – тегін музыка және әдебиет порталы. Электронды кітаптарды fb2 форматында оқи аласыз. Сонымен бірге бұнда жазуды жаңадан бастаушы авторлар өз кітаптарын тегін жариялауына болады. 

9. Bookland.com (www.bookland.com/rus) – электронды кітаптар дүкені шығармалардың тегін коллекциясын  18 тілде ыңғайлы форматта оқуға мүмкіндік береді.

10. «Қазақстанның ашық кітапханасы» (kitap.kz) – ұлттық әдебиетіміз мен отандық ғылымның, өнеріміз бен сан-саладағы шығармашылық өкілдеріміздің жәдігерлерін заңды негізде бір жерге жинақтап, насихаттауды мақсат ететін онлайн жоба.

Мақсаты – халқымыздың асыл қазынасы саналған рухани мұрамызды, көненің көзіндей болған өнер жауһарларын көпшілікке таныту, келешек ұрпаққа жеткізіп, бойына дарыту. Жас ұрпақтың қазақ әлемімен етене жақындасуына дәнекер болу.  Қазақ ақын-жазушыларын оқуға құмартқан кез келген адамды кез келген жерде қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, көпшіліктің сұранысын өз дәрежесінде қанағаттандыру.

Ж. Жұмағұлов