Әбіш айтқан әңгімеден үзік сыр

Әбіш айтқан әңгімеден үзік сыр
Фото: www.inform.kz

Күні кеше өмірден өткеніне жыл толған халқымыздың дана абызы Әбіш Кекілбаевтың қанатты сөздерін ұсынамыз. Өзінің жеке иірімдері бар жазушының дана сөздері де оқырманның кәдесіне жарары сөзсіз.

1.Шын азаматтық бақыт пен шын азаматтық қасірет, ең алдымен, өмірлік проблеманың қалай шешілгеніне байланысты.

2.Арман қашан да ұзақ, ғұмыр қашан да қысқа

3.Адам үшін өмірдің мән-маңызы – азаматтық жауапкершілік.

4.Әрбір азаматтық үлкен мүдденің ең бірінші жауы – тоғышарлық

5.Шындыққа адал шығарма ғана ұзақ өмір сүрмек

6.Өнерді өмірлі ететін – шындық

7.Ақиқат алдында адал емес суреткердің өнер алдында адал болуы еш мүмкін емес.

8.Суреткерлік – дарынмен қоса азаматтық ерлікті де қажет етеді.

9.Ақындық – саф алтындай ілуде бір кездесетін сирек талант.

10.Тапшы таланттан, таңқы дарыннан кемел суреткер шықпайды.

11.Алақаны бар тіршіліктің шапалағы да бар

12.Құдайдай адамды дүниеге әкелу – тек Құдайдың ғана қолынан келетін іс.

13.Азаттыққа жету қандай қиын болса, азаттыққа үйрену де сондай қиын.

14.Қуанышы бар дүниенің өкініші бар.

 anatili.kazgazeta.kz

Ә. Жутаева