Әйел жазушыларға арналған 15 кеңес

Әйел жазушыларға арналған 15 кеңес
Фото: SweGate.ru

Балаларға арналған "Шатырда тұратын Карлсон", "Пеппи Ұзын шұлық", т.б. секілді көптеген шығармаларымен әлемге танымал швед жазушысы Астрид Линдгрен (швед. Astrid Anna Emilia Lindgren), туғандағы есімі Эрикссон (швед. Ericsson) есімі көпшілік оқырманға жақсы таныс. Массагет порталы сіздерге қаламгердің әйел жазушыларға арнаған 15 кеңесін ұсынады. 

Егер сіз жақсы қаһарманды ойласаңыз, ол туралы жақсы кітап жазыңыз, әсіресе бұған дейін үйді ретке келтіріп үлгерсеңіз, сізге өлім құшу қорқынышты болмайды.

Әйел жазушы міндетті түрде бір істің пионері болуы керек. Ол жай ғана жазушы бола алмайды – ерлер мұндай қарапайым дүниені түсіне бермейді.

Көпшілік әйелдерге ер азаматқа деген нағыз махаббатты сынау мүмкіншілігі берілмеген, бірақ мұнда тұрған ешқандай трагедия жоқ. Мұндай әйелдер өз балаларын, немерелерін және өз кітаптарын шексіз сүйе алады. Сондықтан дүниеге ұрпақ әкеліңіздер және жазыңыздар! 

Егер сіздің кітабыңыз аз уақыт болсын бақытсыз балалығыңызды нұрландыра түссе – бекер жазып жүрген жоқсыз. 

Журналистермен байланыспаңыз. Олар әйелдердің қолынан жазушы болу келмейді деп ойлайды.

Өмірде адамды тек екі нәрсе шынайы қызықтырады. Өнерде – махаббат пен өлім. Бұл мағынасында балалардың ересектерден еш айырмашылығы жоқ. Әрине, оларды қорқытуға болмайды, алайда олардың жан дүниесіне өнермен әсер етуді қаласаңыз, онда бұл туралы жазыңыз.

Кітапты кімнің жазғаны, оның кімге бағытталғаны маңызды емес. Маңыздысы біреу – бұл кітап жақсы әлде жаман? Көбісі сізге жақсы кітап жаза алмайтыныңызды айтады. Егер сіз қорықсаңыз, айтқандарымен келіссеңіз – демек олардың айтқаны дұрыс болғаны.

Сіңліммен әр телефонмен сөйлескен сайын сөзімді «Өлім! Өлім!» деп бастаймын. Міне, сол кезде ғана ең қорқынышты сөз айтылып болған соң, біз басқа нәрселер туралы емін-еркін әңгімелесе бастаймыз. Егер сіз әлденеден қорқатын болсаңыз, дәл сол жерден бастап жазыңыз.

Көп ер жазушылар балаларға арнап шығарма жазу өзіне лайықсыз деп есептейді. Балалар әр түрлі болатынын бәріміз білеміз ғой, оларды болжай алмайсыз, бірақ барлық балалардың бір ерекшелігі бар: олар кереметті қабылдауға дайын.

Өзіңіз үшін жазыңыз. Не оқығыңыз келетіні туралы жазыңыз. Тіпті олай емес. Сіздің балаңыз не оқығысы келеді – соны жазыңыз.

Жақсы қаһарман ойлап табу мүмкін емес. Бірақ кейде былай болады: сіз саябақтардың бірінде отырғанда ол өзі келіп сізге өзі туралы жазуды өтінеді. Одан бас тартпаңыз.

Дүниеде орын алған барлық ғажайып ең әуелі қиялда пайда болды. Өз қиялыңызды бағалаңыз, құрметтей біліңіз.

Бүкіл адам баласы кім болсын мейлі, қатты жақсы көрсін мейлі, әрқашан махаббат жетіспей тұрады. Жақсы кітап мұның орын толтыру керек. 

Өмірде ештеңемен алмастыруға болмайтын екі ләззат бар: 1. Жақсы кітап оқу. 2. Жақсы кітап жазу. 

Мықты әйелдер, әсіресе, кітап жазып жатқанда қайырымды да бола білу қажет.

Ж. Жұмағұлов