Америка штаттарының атаулары #2

Америка штаттарының атаулары #2
Фото: vk.com

АҚШ әкімшілік жағынан 50 штаттан, яғни, бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттары және Колумбия федерациясы аймағынан тұрады. Штаттар, өз кезегінде, 3133 аймаққа немесе соған сай келетін әкімшілік бөліктерге бөлінеді. Ал, осы құлаққа сіңген атаулардың негізіне үңіліп көрдіңіз бе?

Канзас

Сиу үндістерінің тілінде “оңтүстік жел адамдары” деген мағына береді

Кентукки

Ирокез тіліндегі “Ken-tah-ten” сөзі  “ертеңгі күннің жері” деген мағына береді.

Луизиана

Король Людовик XIV құрметіне қойылған.

Мэн

Ағылшын тіліндегі  “Main” сөзінен шыққан, ол “негізгі” деген мағына береді.
Мэриленд

Чарьз I жұбайы, патшайым Мария-Генриета құрметіне қойылған.

Массачусетс

Алгонкин үндістері тілінде  “биік төбе басында” деген мағына береді.

Мичиган

Чиппева үндістерінің “meicigama” сөзі “қасиетті су” деген мағына береді.

Миннесота

Дакота тілінде  “аспанмен қапталған су” деген мағына береді.

Миссисипи

“Misi-ziibi” сөзі үндістер тілінде “ұлы өзен” деген мағына береді.

Миссури

Сиу тілінде “үлкен қайықтарға толы өзен” деген мағына береді.

Монтана

Испан тілінде “таулы” (штат) деген мағына береді.

Небраска

“Отос” сөзі үндістер тілінде “баяу өзен” деген мағына береді.

Невада

Испан тілінде “қармен көмкерілген” деген мағына береді.

Нью Хэмшир

Ағылшындардың Хэмпшир графствосының атауына сай қойылған.

А. Оралқызы