Макс Фрайдың қанатты сөздері

Макс Фрайдың қанатты сөздері
Фото: Colta.ru

Макс Фрай – Светлана Мартынчик және Игорь Стёпин атты авторлардың әдеби бүркеншік аты. Бұл авторлар әдебиет әлемінде «Ехо күнделіктері», «Ехоның түс көруі», «Ехо шытырмандары» сериясымен шыққан түсінде көрген жаңа танысының ұсынысына келісімін беріп, өмірі бір сәтте өзгерген жас жігіттің өзге әлемге еніп кетуі және соған қызмет етуі жайында баяндалатын 40-қа жуық шығармаларымен танымал. Біз сіздерге заманауи жазушы, суретші Макс Фрайдың қанатты сөздерін ұсынбақпыз. 

Ер адам кешірмейді, ол ұмытып кетеді, ал әйел – бәрін кешіре біледі, бірақ ешқашан ұмытпайды.

Ең бастысын айтуға, құпияны ашуға болмайды. Әсіресе, үлкендерге...(өзгелерге) 

Адам тірі тұрған кезде ештеңе ешқайда кетпейді. Кез келген тығырықтан шығатын жол бар. 

Егер адаммен не туралы әңгімелесуді білсеңіз, бұл – ұнатудың белгісі, ал екеуіңіз не туралы айтпау керек екенін білсеңіздер, бұл – нағыз достықтың белгісі.

Өмір сүру – ауыр. Бұл әркімнің тірі қалуға әрекетіне куәгер болу сияқты. 

Біздің ішіміздегі әлдекім басқа адамдар қоршаған жұмбақ әлемде өмір сүреді. 

Біреулер үшін біз жай қуыс кеудеміз, ешкім емеспіз.
Ал, басқа біреулер бізсіз өзін бос кеуде сезінеді.

Мына жарық дүниеде барлығынан да маңыздысы – өз түп табиғатыңа қайта оралу. 

Бәрі жақсы...Кез келген және соңғы жағдайда бәрі, бәрі жақсы болады! 

Мен бәрібір ештеңеге өкінбеймін. Өйткені – мұның ешқандай да мәні жоқ. 

Ж. Жұмағұлов