«Кітапсүйгіштің күнделігіндегі» тосын тыйымдар

«Кітапсүйгіштің күнделігіндегі» тосын тыйымдар
Фото: vk.com, favim.com

Бұл «кітапсүйгіштің күнделігі» осыдан 100 жыл бұрын «М.О.Вольф кітап дүкендері серіктестігі дерегінен» («Известиях книжных магазинов товарищества М.О.Вольф») атты орыс журналында жарияланған. Журнал 1897-1917 жылдар аралығында шығып тұрған. Онда жаңа кітаптардың тізімі, рецензиялар, авторлардың өмірбаяны, кітаптардың тарихы туралы мақалалар, баспа ісі мен әдебиет әлеміндегі жаңалықтар басылды. «Кітапсүйгіштің күнделігінде» кітапқа қатысты қызық та тосын тыйымдар жазылған екен.

Сонымен, 10 тыйым:

1) Егер кітапты өзің сатып алатын мүмкіндігің болса, өзгеден сұрама.

2) Егер қолың таза екеніне сенімді боп тұрсаң да, қолыңды жумай тұрып кітапты парақтама.

3) Қолыңды дымқылдап кітаптың бетін ашпа, бұл біріншіден – әдепсіздік, екіншіден – денсаулыққа зиян.

4) Өз балаңа жеке кітапхана сыйламайынша, барлық ақшаңды құртпа.

5) Сөмкеңе бірнеше кітап салмай ауылға демалысқа аттанба.

6) Алдымен кітабың таза болмай өзіңді джентельмен санама және сәнді киінбе.

7) Ешқашан ұрланған кітапты сатып алма, сен мұнымен авторға және басып шығарушыға зияныңды тигізесің әрі кітаптың намысын таптайсың.

8) Бір ғана рецензия оқып, кітап жайында өз ойыңды білдірме.

9) Виноға толы жертөлеңнің болуын уайымдама, кітапқа толы кітапханаңның болуын ойла.

10) Басқа заттарға ақшаң бола тұра, кітапқа қаражатым жоқ деп шағым айтпа.

Ж. Жұмағұлов