Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Туиттердің ақындары

Туиттердің ақындары

Туиттердің ақындары

Туиттердегі қазақ тілді туитшілер соңғы кездері күрт өсті. Министр де, әнші де осында. Туиттер деген кереметтің бар екенін естіген ақындар да ойға оралған орамды ойларын шумақтап туиттерге төгетін болып жүр. "Клип деген - бейнебаян, Туит деген - өсек-аяң" деген Балғынбек Имашев та, "Көргенім клип болды, Ермегім туит болды!" деген Қалқаман Сарин де бар мұнда.

Туиттердегі Қалқаман Сариннің парақшасы

Ақын келді дегенше, өлең келді десейші. Әр сөзін болмаса да, ара-тұра қиюы келген ойды жырмен түйетін туитші-ақындар шабыты келгенде бір-бірін жырмен қағытып та қойып жүр:

Балғынбек:  

Ән кешіне шақырдың билет алып,

Жатырмын тұмау тиіп, үйде талып.

Ел сүйетін МузАрттың әр кешінде,

Шаншитын жер қалмайды ине апарып.

Қалқаман: @Balgynbek 

Әрине, бұл ән кеші болмас нашар...

Астана аспанымен ән достасар.

Инені мұнда әкеліп не қыласың,

Ем болсын укол қылып жамбасқа сал. 

Туиттердегі Балғынбек Имашевтің парақшасы

Онлайн-айтыстар айтыссүйер жамағат үшін жаңалық емес. Халық алдында кең көсіліп суырып салатын айтыскерлер кең таралған әлеуметтік желілер арқылы айтысуды сәнге айналдырғалы қашан?! Расымен ордалы ойдың ортасы болған туиттерге өлең төгіп, бір сәттік сезімін жырмен жеткізген ақындардың толғаныстарын оқу да бір ғанибет. Айтпақшы, шұрайлы өлең іздеген оқырманның туиттерге қосылып, ақындардың табан астында шығарған жырларын бірінші болып оқуларына болады. Ал қалам мен пернетақтаны қатар ұстаған туитші-ақындарға шабыт тілейміз! 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: fstechnology.blogspot.com

1262 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 03 тамыз 2012, 13:04
Пікірлер
+0
03 тамыз 2012, 13:30

Клип деген - бейнебаян, Туит деген - өсек-аяң :lol: :lol:

+0
03 тамыз 2012, 21:22

қызыыыық туиттермен айтысу, ақындарға сәттілік :mrgreen:

+0
04 тамыз 2012, 22:01

Қалқаман жақсы жауап беріпті :)

+0
14 тамыз 2012, 14:35

Осы туиттерге түк түсінбей-ақ қойдым. :)

+0
03 қыркүйек 2012, 06:07

Мен де түсінбеймін. :roll:

+0
20 тамыз 2012, 18:51

менде сол

+0
21 қыркүйек 2012, 00:57

Қанша тырыссам да туиттерді түсіне алмадым мен де, ойымды туиттерде түйіндей алмай өтетін шығармын)
бір білетінім, бұнда бір нәрсе керісінше, мысалы, басқа желіде атың/логинің айқұлаққа дейін жазылса (palenshe@domen.kz), туиттерде керісінше (twitter@palenshe).
Пы сы: жоғарыдағы жазбада ақындардың туитадресі туиттердің "керісіншелік" заңына бағынышты ма? Әлде менің тарапымнан "бір түсінбестік бар, негізі бәрі мен ойлағандай емес" пе? (Қалқаман қасында - @балғынбек, Балғынбек қасында - @ақынсарин деп тұрғанын айтам)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...