Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Ақын-жазушылардың айтқыштығы

Ақын-жазушылардың айтқыштығы

Ақын-жазушылардың айтқыштығы

Ақын-жазушылардың сөзге ұсталығы әмбеге аян. Шақпа тілді, тапқыр ойлы тұлғалар орайы келгенде осып жібереді. Содан кейін олардың әр сөзі "деген екен..." тақырыбымен халық арасына тарап кетеді. 

Менің қасқыр итім бар...

Жазушы Зейн Шашкиннің үйінде Сәбит Мұқанов тағы бір топ ақын, жазушылар қонақ болып отырады. Алдарына табақ-табақ ет әкеледі. Дәстүр бойынша бәрінен жасы үлкен Сәбең ет асатуға ыңғайланады. Уысына қазы-қартаны толтырып алып, жанында отырған Жұбан Молдағалиевқа ұсына бергенде, Жұбан:

– Ойбай, Сәбе, менің гастритім бар, – деп ат тонын ала қашады. Сонда, сол жағында отырған Сырбай Мәуленов:

– Сәбе, маған әкеліңіз, Жұбанның гастриті болса, менің қасқыр итім бар, – деген екен.

Қолаң шаш

Жаңа қалам ұстап жүрген жас жазушылардың бірі Ғабит Мүсіреповтен:

– Ғабе, қолаң шаш деген не? – деп сұрапты.

Сонда қолаң шаштың не екенін білмеген жазушысымаққа Ғабең жақтырыңқырамай бір қарапты да:

– Қолаң шаш деп осы күні жапон шампуынымен жуылған шашты айтады, – деген екен.

Ақында мін болмауы керек

Елуінші жылдары Асқар Тоқмағамбетовтің елу жылдық тойы тойланып, Алматыдан Әбілдә Тәжібаев, Ғали Орманов, Сырбай Мәуленов, Зейнолла Қабдоловтар Қызылордаға барады. Сырдария жағасына ақшаңқан киіз үй тігіледі. Қуаныш үстінде Сырбай:

 - Асеке, өз тойыңызда аз ғана болса да шарап алып отырмайсыз ба? – дейді.

Сонда Асекең:

- Мен жастайымнан айтулы ақындармен жазба айтысқа түстім. Айтысқа түскен ақын басқалардың кемшілігін көріп, мінін тере білуі керек. Мен өзім ішіп алып бұлғақтап жүрсем, олардың сол мінімді бетіме таңба етіп басуы сөзсіз ғой. Сондықтан мен ішуден аулақ болдым. Жұртқа сын айту үшін әуелі өзің мінсіз болуың керек, - деген екен.

Еліктеу

Белгілі жазушылар Сәкен Жүнісов пен Адам Мекебаев 1985 жылы Москвадағы әдеби курсқа оқуға түседі. Сонда тапқыр, әзілге жүйрік ақын Қадір Мырзалиев:

– Адам – Сәкен боламын деп, Сәкен – Адам боламын деп оқып жатыр, – деген екен.

Дұрыс

Бірде партизан-жазушы Қасым Қайсенов Сәбит Мұқановқа кезігіп қалады. Әдеттегідей Сәбең шұрқырап амандасады.

- Сәбе, Украинаға барып қайттым, - дейді Қасым Қайсенов.

- Дұрыс.

- Филатовтың ауруханасында болып қайттым.

- Дұрыс екен.

- Ауруханада көзіме операция жасатып қайттым.

- Дұрыс болған екен.

- Сәбе-ау, мұның несі дұрыс, сау көзбен барып, шыны көзбен қайттым ғой!

- Ә, онда дұрыс болмаған екен! – депті сонда Сәбең.

М.Ниязбековтың "Деген екен" кітабынан

Фото: kz.troniks.kz
Қосылған күні: 30 шілде 2015, 16:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.