Жазда оқитын кітаптар

Жазда оқитын кітаптар
Фото: essentialhealth.com

Демалыс уақытында саяжай, қонақ үй немесе ауылда жатып, кітап оқығанға не жетсін? Бес күндік өмірдің қарбаласынан шаршаған адам үшін бірнеше сағат тынығып, кітап оқып, оқиға кейіпкерлерінің өміріне «кіру» әрі пайдалы, әрі қызықты.

Сонымен, жаз маусымында қандай кітаптарды оқу керек? Бүгін біз назарларыңызға шетел әдебиетінен үш роман ұсынамыз.

1. Франсуаза Саган «Сиқырлы бұлттар».

ХХ ғасырда өмір сүрген француз жазушының Франсуазаның үздік романдарының бірі – «Сиқырлы бұлттар». Бұл махаббатты, қызғанышты баяндайтын оқиға. Қызғаныш – ең мықты деген қарым-қатынастың өзін бұзуға әлеуетті. Франсуаза кейіпкері сүйіктісі құрған тордан қашуға тырысады. Бұл кітапты жаңбырлы кеште, көрпеге оранып алып оқуға болады.

2. Сесилия Ахерн «Жүз есім».

«P. S. Мен сені сүйемін» бестселлері авторының тағы бір туындысы - «Жүз есім» атты роман. Онда бас кейіпкер Китти Логанның өмірі қиындап кетеді. Ол кінәсіз адамды айыптап, сүйгеніне айырылып, жұмысынан босатылуда. Бұған қоса жан досы да кенеттен қайтыс болады. Журналдың сапасын жақсартуға арналған марқұм құрбысы ойлап тапқан идеяға жан бітірмек болып Китти 100 есім бар тізім тауып алады.

Бұл кітапты демалыс уақытында оқуға болады.

3. Софи Кинселла «Шопоголиктің сырлы әлемі».

Софи «Шопоголик» сериясында жеті кітап шықты. «Шопоголиктің сырлы әлемі» - серияның алғашқы бөлімі. Ребекка атты жас қаржы айдарының журналисінің киім, аксессуар сатып алуға құмарлығы жайлы баяндалады. Ол қымбат бутиктің жанынан терезесіне үңіліп қарамай өтпейді. Ал егер бір жерден «сатылым» деген жазуды көрсе, бар тапқан таянғанын қажет емес нәрсеге жұмсап, мәз болады. Бір күні Ребекканың өмірі түбегейлі өзгереді.

Расында да үш романның сюжеті қызықты. 

Ал сіз қандай кітап ұсынар едіңіз?

Ф. Абилова