Кітап оқығанда...

Кітап оқығанда...

Сәлем, достар! Бүгін жексенбі. Жайнаған жаздың жексенбісі нағыз қыдырып, сергитін шақ. Ал үйде демалам десеңіз, тілі тартымды кітап оқыңыз.

Кітап оқу дегеннен шығады, кітап оқып отырғанда көздеріміз жан-жаққа жүгіріп кеткенімен, ми барлық ақпаратты бір жүйеге келтіріп, санамызда жалпы көрініс қалыптасады екен. Жалпы кітап оқудың пайдасы орасан. АҚШ-та жүргізілген зерттеу нәтижесінде оқуды үшінші сыныпта меңгерген балалар оқуды басқа жаста үйренгендерге қарағанда, жат қылықтарға (түрмеге түсу, есірткіге құмарлану) аз барады-мыс. Адамдардың 95 пайызы орта есеппен алғанда минутына 180-220 сөзді оқып шығады. Бастауыш сыныпта минутқа оқудан жарысқанымыз бәріміздің есімізде шығар. Енді салыстырыңыз... Наполеон минутына екі мың сөз оқи алған деседі. Ал Бальзак жарты сағатта кітаптың екі жүз бетін тауысатын көрінеді. Ғалымдар ұлы тұлғалардың миларын қанша зерттегендерімен, олардың қарапайым адам миынан еш айрымашылығын таппай қойғанын ескерсек, Наполеон мен Бальзактың рекордтары сіз бен біздің де қолымыздан келеді деген сөз емес пе? Ендеше, неге байқап көрмеске?..

Кітап оқу дүниетанымымызды кеңейтіп, өмірге деген көзқарасымызды айқындай түседі, сөздік қорымызды кеңейтіп, білімімізді молайтады, миды жас күйінде сақтап, есте сақтау қабілетін нығайтады. Кітап оқу - миға жасалған жаттығу. Яғни, кітап оқудың денсаулығымызға тиімді болғаны. Кітап оқығанда мүлде басқа әлемге еніп, кейде өзіңді ұмытып та кетесің. Кітап күйбең тірліктен бір сәт алшақтап, рухани баюға, кітап кейіпкерлерімен тыныстауға мүмкіндік береді. 

Сурет: zdoroviekrasota.com, womenmag.ru

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

М. Оңғарова