Ақын Белла Ахмадулинаның өміріне қатысты қызықты деректер

Ақын Белла Ахмадулинаның өміріне қатысты қызықты деректер

Бүгін орыс әдебиетінің көрнекті өкілі, талантты ақын, әдебиет пен өнер саласындағы Ресей Мемлекеттік сыйлығының иегері Белла Ахмадулинаның туған күні.

Аталған күнге байланысты атақты әдебиетші әрі ғажайып әйелдің өмірбаянынан ең қызықты мәліметтерді топтастырдық.

1. Ақынның дүниеге келгенде иеленген есімі – Изабелла. Ол өзінің бұл есімді қалай иеленгені туралы былай әңгімелейді: «Менің анам отыз жасында Испания мемлекетіне қатты қызыққан екен. Ол әжемнен жаңа туған нәрестеге испандық есім ойлап табуын өтініпті. Сол кезде Испанияда Изабель есімі кең таралған екен. Әжем тіпті «ханшайымдарды Изабелла, ал шындығында ханшайымдардың шын есімі - Изабель» деп ойлаған. Бірақ мен бұл қателікті ерте байқап, бұл есімді Беллаға дейін қысқарттым».

2. Белла Ахатовнаның алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүрген кезде дүниеге келді, ал 1955 жылы «Октябрь» журналында өлеңдері алғаш рет жарияланған. Ахмадулинаның жеңіл әрі нақышты өлең жолдары «қарабайыр», «дөрекі» деп табылып, көптеген кеңестік сынға ұшырағанымен, жас ақын оқырман жүрегін баурап, танымалдылыққа ие болады.

3. Белла Ахмадулинаның шыққан тегі айтарлықтай өзгеше. Бір өзінің бойында орыс, татар және итальян қаны бар. Оның әке жағынан арғы атасы, ірі кеден бастығы – Ахат Валиеевич татар болған. Ал, анасы, КГБ майоры Надежда Макаровна жағынан арғы атасы Ресейде өріс алған итальяндықтар болып келеді.

4. Белла Ахмадулина Александр Сергеевич Пушкин қайтыс болған соң, жүз жылдан кейін дүниеге келеді және Лев Николаевич Толстой өлімінен соң, жүз жылдан кейін өмірден өтеді. Бұл жайтты ел мәдениетінде ақынның мәртебесін көтеруде Андрей Битов атап өтті.

5. Ахмадулина: «Мен «ит» сөзін үлкен әріптермен жазам» дейтін Анастасия Ивановна Цветаевамен толығымен пікірлеспін» деп мойындайтынын білдіреді. Бала кезінде ата–анасы ылғи жұмысбасты болып, уақытының көп бөлігін болашақ ақынмен бірге үйсіз қалған жануарларды таңдап жүретін әжесінің қасында өткізді. Белланың ит пен мысыққа деген махаббаты өмір бойы сақталып, кейін қыздарының бойына сіңген.

6. Ахмадулинаның аз ғана киноматографиялық тәжірибесі оның халық ықыласына бөленуіне жаңа бір үлесін қосты. 1964 жылы ол, шындығында, өзін-өзі ойнап шықты. Василий Шукшиннің «Живет такой парень» түсірілімінде Белла Ахатовна өзінің «Әдеби газеттегі» жұмыс тәжірибесін ортаға салып, жас журналисттің образын сомдады. Кейін осы фильм венециалық кинофестивальде «Алтын арыстан» болып атап өтіледі. Алты жылдан кейін Ахмадулина көрініс қойылымдарынан бөлек танымал адамдардың спорт туралы ойлары кіріктірілген «Спорт, спорт, спорт» деген тағы бір фильмге түседі. Фильмде автордың өз дауысында «Ты человек! Ты баловень природы...» және «Вот человек, который начал бег...» деген өлеңдері оқылады.

7. Мектеп бітіргеннен кейін Ахмадулина отбасының қалауы арқылы түскен МГУ-дағы журналистика факултетінің қабылдау емтихандарынан құлап қалады. Ол ешқашан оқып көрмеген «Правда» кеңестік газеті туралы сұраққа жауап бере алмайды. Бұдан кейін ол мақалаларын ғана емес, өлеңдерін де жариялауға мүмкіндік алған «Метростроевец» газетінде жұмыс істейді. 1956 жылы ғана ол Әдебиет институтына оқуға қабылданады.

8. Белла Ахмадулинаның соңғы күйеуі - мүсінші және театр суретшісі Борис Мессерер. Ол ақынмен танысқаннан кейін дәптер парақтары мен майлықтарға жазған кездейсоқ таныстар мен достары арасында тараған оның шығармашылығындағы «сыйланған» өлеңдерді жинауды қолға алды. Кейіннен Мессерердің шығаруымен тұтас төрт томдық жарық көреді.

Сурет: rusrep.ru

Ш. Талап