Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Кітап оқитын қала

Кітап оқитын қала

Кітап оқитын қала

Биыл Қазақстаннан қырыққа жуық студент Мәскеудің Баспа университетінде оқуға мүмкіндік алды. Болашақ баспа ісі, кітап ісі және полиграфист-инженер мамандарын дайындау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Кітап Палатасы, Баспагерлер мен полиграфис­тер ассоциациясы Мәскеу Мемлекеттік Баспа университетімен келісімге келіп, шарт жасасты. Сөйтіп, тамыз айының соңында Қазақстаннан бір топ студент боп оқуға аттандық.

Метро шағын кітапханаға ұқсайды

Мәскеу бізді суық қарсы алды. Алма­ты­ның аптап ыстығына үйренген қазақ­тар­ға ауа-райы жақпады. Әуелгіде жан-жа­ғымыздағы жайттардың барлығына жа­тырқай қарадық. Тіпті, бұл қаланың өмі­ріне үйрену мүмкін еместей көрінді. Кө­­­ліктерден бір тыншымайтын көшеле­рі­нен, асығып жүретін адамдарынан, қа­ла­ның у-шуынан әбден мезі болдық. Жасыратыны жоқ, бір аптадан соң ауылға қайт­­қымыз келді. Алматыдағы өзімізше «қар­­балас» деп жүрген өмірімізді сағын­дық. Мәскеу – нағыз қайнаған өмірдің ортасы. Ағылған адамдар тасқыны бізді ай­дап әкететіндей көрінді. Бірақ қоғамдық көліктерде, дүкенде, асханада – көпшілік бар жерде жүрсек те, қақтығысып-айғай­ласқан адам көрген жоқпыз. Барлығы сыпайы, мәдениетті сөйлейді. Көмек сұ­ра­саң, жылы шырай танытып, қолдарынан кел­генше көмектеседі. Нағыз мәдениетті адам­дар. Мәдениетті деуге тағы бір себеп: үлкеннің де, кішінің де қолынан кітап түспейді. Әсіресе, метрода көп оқиды. Мәскеудің метросына алғаш мінген адам да көлікке емес, кітапханаға кіргендей се­зімде болады. Жасы да, кәрісі де кітап­тан көз алмайды. Қарттардың қолынан көбіне шағын, сөмкеге салуға ыңғайлы, жұқа мұқабалы кітаптарды байқаймын. Кәдімгі қағазға басылып, бояудың иісі сіңген дәстүрлі кітап. Ал жастар электронды кітап немесе ұялы телефондар арқылы оқиды. Тіпті, келбеті келіскен, бетіне бояу жа­ғып, соңғы үлгімен киінген «әдемі» қыз­дар­дың өзі кітапты ықыласпен оқиды. Мет­роның әр вагонында тегін wi-fi желісі ор­натылған. Бірақ бұны пайдаланып, әле­меуттік желіге, не өз парақшасына кірген жо­лаушыны кезіктірмедім. Олар көбіне ке­рек кітабын жүктеп алу үшін, не жаңа­лық оқу үшін пайдаланады екен. Мәскеу­лік­тер орыс әдебиетімен қатар, әлем әде­биетін де аса қызығушылықпен оқи­ды. Метродағы әр үшінші оқырман Дос­тоевский мен Толстойды парақтап отыратынын да аңғарып жүрміз.

Нарық заманындағы кітап насихаты

Мәскеуге келген қонақтардың бар­лы­ғы Қызыл алаңға соғып, Кремльге жиналады. Кейін әйгілі «Третьяков» галереясын тамашалауға асығады. Біздің де бағы­ты­мыз солай болды. Кремльден кейін көр­ме­ге бардық. Кірер тұста жолдың шетін­де­гі автобусқа көзім түсті. Түрлі-түсті кі­­тап­тармен безенген сары автобус. Қы­зы­ғып ішіне кірдік. Іші мектеп жасындағы ба­лалардан көрінбейді. Барлығы кітап таң­дап жүр. Бергі шетте сатушы қыз ба­ла­лардың жарыса қойған сұрақтарына жауап беріп тұр. Бұл балаларға арналған жылжымалы кітап дүкені екенін сол кезде түсіндік. Мәскеуде кітап тарату, сату мәселелері бір жолға қойылған. Жарнама да жақсы жұмыс жасайды. Мәселен, қаланың барлық қоғамдық көліктерінен жаңа шыққан кітаптың жарнамасы ілініп тұрады. Ол авторға да, оқырманға да өте тиімді. Кітаптың бағасы, тапсырыс беру нөмірі, қай дүкеннен табуға болатыны сынды барлық қажет ақпарат жазылған. Баспа ісіндегі менеджмент те жақсы да­мыған. Мәселен, күн жылы кезде, А.Пуш­кин атындағы саябақта ашық аспан ас­тында кітап оқи беруге болады екен. Таңер­теңнен кешке дейін кітап сататын дүңгіршектер жұмыс істейді. Кітапты сатып алуға немесе оқып қайтаруға болады. Дәл осындай игі бастама бізде де жал­ғасын тапты. Алматының Панфиловшылар саябағында буккроссинг ұйым­дас­ты­рылды. Бірақ оқырмандар саны өте аз болып, шара тоқтап қалды.

Қаладағы кітап дүкендері ірі сауда ор­талықтары секілді зәулім, биік ғима­рат­тарда орналасыпты. Дүкендерде кітап ас­сортименті өте көп, қызмет көрсету деңгейі де жоғары. Бірақ бұған сәйкес кі­тап­тың құны да қымбат. Орташа баға – 300 рубль, егер сіз жұқа мұқабалы, ша­­ғын кітап алғыңыз келсе, 1000 теңге­дей ақша жұмсайсыз. Классиктерді оқу одан да қымбат. Рас, аты затына сай. Кі­тап­тар да нағыз классика: баспа өнімінің полиграфиялық сапасы жоғары, безені де оқырманды бірден баурап алады, кі­тапқа қойылатын стандарттардың бар­лы­ғы орындалған. Бұл кітаптарды оқығыңыз кел­се, қалтаңызда кем дегенде, екі-үш мың теңгедей қаражат болуы керек. Қа­зақстандағы кітап құнымен салыстырсақ, еш айырмашылық байқалмайды. Әрине, әр мемлекеттің күнкөріс деңгейін де ес­керу қажет. Қазақстандықтар айына ор­та­ша есеппен жиырма бір мың теңгеге күн көрсе, ресейліктер он мың артық жұм­сайды екен. Қосыша құн салығын та­ғы есептеңіз. Ресейде он пайыз болса, Қа­зақстанда он екі пайыз. Демек, біздегі кі­таптың бағасы әлдеқайда қымбат.

Ресейліктер неге көп оқиды?

Біз түскен университетке орыстың тұң­ғыш баспагер-полиграфисі Иван Фе­доровтың аты берілген. Бұл Ресейдегі ма­мандандырылған, тек кітап ісі саласы бойынша кадрлар дайындайтын бірден-бір университет. Бұрынғы полиграфия инс­титуты. Ресейдің Владимир Маяковс­кий, Аркадий Мильчин, Эйнтин Юрий сын­ды мақтаныштары оқыған университетте оқу біз үшін мәртебе болды. Сабаққа келіп, кабинет іздеп жүрген кезде дәліз­ден «Кітап алмасайық, оқып болсаң, бізге бер» деген маңдайында жазуы бар сөреге кө­зім түсті. Жақынырақ келіп, кітаптар тізі­мін қарадым. Ресейлік студенттер екі тіл­де қатар оқиды екен. Ағылшын, орыс тіліндегі Джек Лондон, Эрнест Хемингуэй, Теодор Драйзер, Оноре де Бальзактың кі­таптары сөреде тұрды. Және бұл кітап­тарды студенттер күн сайын өзді-өзі ауыс­тырып отырады.

Кейін мені «Ресейліктер неге көп оқи­ды?», «Кітап оқу мәдениетін қалай қа­лып­тастыруға болады?» сынды түрлі сауалдар мазалады. Осылардың барлығына жауап алғым келді. Әр бейсенбі сайын бізге уни­верситетінің профессоры Г.И.Матрюхиннің дәрісі болатын. Ресей Кітап Палатасында қызмет жасап, басшылық еткен ұстаздан көкейдегі сұрақтарға жауап алмақшы боп, әңгімеге тарттым. Әңгімені бастамас бұрын, Қазақстандағы кітап, баспа ісіне қандай баға беретінін сұрағанымда:

– Әрине, Кеңес Одағы құлаған соң, әр ел өзінше күн көрді. Одаққа кірген он бес мемлекеттің әлеуеті нашар болған кезде, баспалар жайында сөз қозғаудың қа­­жеті жоқ. Уақыт сол алмағайып кезең­нен өткізді. Қазір барлық мемлекет аяқ­та­рына нық тұрды деуге болады. Бүгінде Қа­зақстанның баспаларына, кітап­ха­на­ларына, кітап палатасына қарап, мен оң баға бере аламын. ТМД елдерінің көш­бас­шы бестіктің қатарында деп сеніммен ай­та аламын. Ресейде басылатын кітап­тардың Қазақстанда сатылып, оқылуы ха­лықтың кітапқа деген сұранысының ба­рын айқындайды. Қазақтар кітап оқы­майды дегенге сенбеймін. Студент ке­зімде, 60-жылдары Қостанай облысына қарасты, Шортанды ауданында болдым. Студенттік құрылыс жасағымен бірге бардым. Сол жерде отыздан астам өзге ұлт өкілдерімен араласып, жақсы дос бо­лып кеттік. Барлығымыз тату едік. Сол күн­дері қолынан кітап түспейтін талай қа­зақ жігіттерін көрдім.

Кітап оқу мәдениеті, жалпы кітап оқу әде­ті бала кезден қалыптасатын қасиет екенін түсіндім. Баланы кітапқа баулып, күнделікті төрт-бес бет оқуды әдетке ай­нал­дырған жөн. Бұл, ең алдымен, оның ата-анасы мен мұғаліміне тікелей байланысты. Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі ұсынған мектеп бағ­дар­ламасында «чтение» пәні жүреді. Бұл «әдебиет» сабағынан бөлек. Арнайы оқу-әдістемелік құралдар да пайдаланылады. Мектеп қабырғасынан-ақ баланың «оқыр­­ман» боп қалыптасуына ықпал ете­міз. Кітап ісін дамытуға үлес қосып жүр­ген ғалымдардың көмегімен түрлі жобалар да іске асырылады. Жақында мектеп кітапханалары «Читающяя мама – читающая нация» атты іс-шараны ұйымдас­тыру­ды қолға алды. Балалар, оның ішінде қыз ба­ла анасын үлгі етіп өседі. Демек, ана ба­лаға тікелей әсер етеді. Анасының кі­тап парақтап отырғанын көрген бала оған еліктейді. Кейін баланың өзі қызыға бас­тайды. Кітап оқитын халықты көрсеңіз, ең әуелі сол елдің анасы кітап оқиды деп тү­сінген жөн. Ұлы Русьті билеген Иван Гро­з­ный Грек елі арасындағы бейбітшілікті сақтап қалу үшін амалсыздан сол елдің қызына үйленбекші болады. Қыздың төр­кіні екі арба жүкпен аттандырады. Сөйтсе, қыз­дың әке-шешесі екі арбаның барлы­ғына кітаптар тиеген. Гректен алған әйе­лінің арқасында Грозный кітапхана салдырып, оны келер ұрпаққа сақтаған. Бү­гінде Патшаның игі ісінің арқасында Ресей Ұлттық кітапханасының қоры 25 млн.-ға жетіп, әлем бойынша Америкадан кейінгі ең үлкен кітапханалар қатарына енді, – деп жауап берді.

Расымен, бүгінде «ең көп оқитын» ел­дер қатарында Еуропа көш бастап тұр. Еу­ропа мен Америкада оқырмандардың жет­піс пайызы әйелдер қауымы екен.

Орыс халқының кітапты құмарлықпен оқы­ғанын көріп, іштей сүйсінесің. Біздегі мет­ро мен автобустардан да дәл осы кө­рі­ністі көргің келеді. Қаланың барлық кө­шелерінен театр, кино афишаларымен қа­тар, жаңа басылған қазақ кітабының да жар­намасы тұрса...

Ардақ Әлімбетова, Мәскеу қаласы
2015.02.17

Дайындаған: Шерхан Талап
Фото: ridus.ru
Қосылған күні: 24 ақпан, 16:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.