Еуро қарсаңында футбол жайлы жаңа ертегі басылып шықты

Еуро қарсаңында футбол жайлы жаңа ертегі басылып шықты

Еуро чемпионаты қарсаңында "Майкрасофт Украина" компаниясы мен балалар баспасы "Glowberry Books" футбол туралы кітап басып шығарды. 

"Райдугоны и феерическая игра" деп аталатын кітап Дра-Дра планетасында мекендейтін жеті түрлі-түсті айдаһарлар жайлы ертегінің жалғасы. 

Жаңа оқиға Райдугонивтердің Оргия планетасында өтіп жатқан планетааралық ЕУРА футбол чемпионаты жайлы. Кітап достық, отбасы қарым-қатынасы және әділ ойын хақында баяндайды. 

Айта кетерлік бір жайт, жеті ағайынды айдаһарлардың әрбірі өзіне тән мінез бен дүниетанымға ие екен. 

"Glowberry Books" директоры Ольга Черепанованың айтуынша, дәл осы қасиеттердің арқасында мифтік жаратылыстар шынайы адамға ұқсайды-мыс және әрбір адам солардың ішінен өзіне тән нәрселерді табуы мүмкін. Кітаптың авторы балалардың жазушысы Антон Сиянка, ал басылымға суреттерін дайындаған Светлана Мороз бен Константин Федоров.

Райдугонивтердің интерактивті нұсқасын жақын арада Windows 8 Release Preview қолданушылары жүктеп ала алатын болады. 35 беттен тұратын кітап тек қанық суреттермен, анимациямен және ойындармен сәнделіп қана қоймай, әлемнің барлық қолданушыларына үш тілде (украин, орыс және ағылшын тілдерінде) дыбысталады. 

Сурет: womenparadise.ru

Ж. FM