Пабло Пикассоның қанатты сөздері

Қадірлі Massaget.kz порталының оқырмандары, сіздерге бейнелеу өнерінің тапқыры, испан суретшісі Пабло Пикассоның қанатты сөздерін ұсынамыз. Пайдасы болса алыңыздар, болмаса Пикассоның өз сөзі өзінікі.

Ойда-жоқта маған шабыт келсе, амалсыздан жұмыс істеуіме тура келеді. Барлығы көркемөнерді танығысы келеді. Ал неге олар құстың сайрағанын ұғынғысы келмейді? Өзін-өзі жек көруден ұнату әлдеқайда оңай. Барлығы өзгеруге құқылы, тіпті суретшілер де. Мен іздемеймін. Мен табамын. Егер көбелектің сұлулығын сезінгің келсе, оған қол тигізбе. Жас суретшіні бірнеше адам ғана түсінеді. Ал ұлы суретшіні түсінетіндер одан аз. Мен ақшасы бар кедей болып өмір сүргім келеді. Егер біз миымызды алып тастап, тек көзімізбен қиялдасақ қой... Қиялыңда елестегеннің барлығы шындық. Эйнштейннің тапқырлығы Хиросимаға дейін жетті. Мен заттардың суретін көріп емес, сезіп саламын. Маған мұражай сыйласаңыз, мен оны толтырамын. Махаббат – адамды қайта қалпына келтіруші сезім. Егер мен жүрген барлық жолды картада белгілеп, оларды бір сызыққа қосатын болсам, минотаврдың бейнесі шығар еді. Егер шындық біреу болғанда, мен бір тақырып төңірегінде жүздеген сурет сала алмас едім. Көркемөнерді ойлап шығаруды да білу керек. Көркемөнер соқырлардың шұғылданатын жұмысы. Көркемөнер – күнделіктің басқа бір түрі. Идея бір бағыт қана. Сен оны толық түсінгеннен кейін ғана ойға айналады. Адамдардың асыл нұсқасынан көшірмелері көп. Барлық адам балалық шағында суретші болады. Дегенмен біршамасы ғана өскенде сол бағытынан айнымайды. Кім адамның жүзін дұрыс көре алады: фотограф, айна әлде суретші? Бояулар адамның эмоциясы секілді өзгеріп отырады. Біз қартаймаймыз, қайта жетілеміз! Өз өнерін бизнеске айналдырып жүргендер – шығармашылықтың адамдары емес, алаяқтар. Кейбір суретшілер күнді сары түске бояп бейнелейді, ал тағы біреулері сары домалақты күнге айналдырады. Біреулер ненің бар екенін және неліктен олай екенін сұраса, мен ненің болуы мүмкін болғаны мен оның неліктен жоқ екенін сұраймын. Жұмыс адамның қажеттілігінен туындаған. Оятқышты да адамдар ойлап тапқан. Жас ұлғайған сайын, желдің соғысы да күшейе түседі. Сенде, ең болмағанда, әлі бағыты анықталмаған болса да бір идея болуы тиіс. Жақсы суретшілер көшіреді, ал ұлы суретшілер ұрлайды. «Жақсы дәм
» - шығармашылықтың қас жауы. Сурет салу үшін көзді жұмып, ән айту керек.

 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.pablopicasso.org