Жазушылықтан жалықпауға алты кеңес

Жазушылықтан жалықпауға алты кеңес

Жазушылармен болған сұхбаттарға қарап отырып, көп қызықтың үстінен түсуге болады: оғаш әрекеттер мен әр күні әдебиет майданындағы арпалыс, стиль түзеу мен тер төгу.

Бұл кеңестер жазушылыққа жаңадан бет бұрған жастарға қол ұшын созбақ. 

Танымал жазушылардан алты кеңес; егер де сіз өзіңізді әдебиеттен көргіңіз келсе:

1. "Бос қағаз" бетінде көңіл қамалын бұзу (үздік тәсіл)

...Өздігінен өз ішімнен шығып жатса, мен жазуға тырысамын, ең аяғы, осы үшін маған ақы төлейді. Кейде ойланып отырып, өз еңбегімді былайша бағамдайтыным бар: бір түнді жақсы келіншекпен өткізіп, сосын ол әмиянын шығарып, жасаған жақсылығым үшін ақы төлеп жатады. Маған ұнайды. 

Чарльз Буковски

Шыны керек, жазушылық Чарльз Буковскиден өзге өзекті жан үшін үшін машақаты көп бейнетпен бірдей. Біріншіден, бойдағы көп күш сарқылады, екіншіден, ми көп қозғалады, үшіншіден, жұмысқа адалдық танытқан күнде дәрменсіздік туындайды. 

Жазуға тырысып, қолға қалам алған күнде бойға қосымша қорқыныш ұялап, ақыры жұмыс ықпалында кетіп жатсаңыз, онда көп ұзамай сізге жазушылық қол бұлғайды деген сөз - сіз жай ғана жазбай жүріп аласыз. 

Осы бір сезім, күдік аралас ниеттен арылу үшін, келесі кезекте былай жасаған дұрыс: өзіңе жаман жазуға мұрсат бер және жай бастап кетуге ерік білдір. 

«Bird by Bird» кітабының авторы Энн Лэмот авторлардың жазушылықты неліктен жаман жолдан, жабайы шимайдан бастауы керектігі турасында толық бір очерк жазып қалдырған. 

Мәселен, Энн Лэмот кітаптары бүгінде үлкен сұранысқа ие ең керемет, ең таңдаулы делінген жазушылардың нені ойлап, нені қоятыны турасында айтады. Сөйтсек, сол жандардың барлығы дерлік, шын мәнінде, біз ойлағандай емес, жиі қолға қалам алуға, үнемі шығармашылығын жандандырып отыруға аса бір қуанышпен кірісе қоймайтын көрінеді. Сонымен бірге, олардың шимайлары шырын толы сөздермен мәз ете бермейді екен.

Мұны біле отырып, әрине, қолға қалам алу жеңілдей түсері анық. Сізге айтарымыз, жай ғана жазуға кірісіңіз және мұның сіздің қолыңыздан қаншалықты келетіні, қаншалықты нашар шығатыны еш маңызды емес. Мейлі, алғашқы ойлар қағаз бетіне қалай болса, солай, талғам-таразысыз түсе берсін. Мүмкін соның өзі дұрыс та шығар? Солай ойлап көріңізші?! Сайып келгенде, көпшілік авторлар биік белеске шығарда осылай бастаған деседі. 

2. Таптаурын болған сөз тіркестерінен қашыңыз

Мұны орыс тілінде «клише» деп айтады – яғни, әдебиетте жиі қолданылатын таптаурын болған сөз тіркестері мен жыртық-жамау сөздер. Сіз өз шығармаңызды сол бір сөз тіркестеріне толтыра отырып (көбіне, ескеріп те жатпайсыз), оқырман жанын тебірентуге, ойға жетелеуде, (бұл сөздерді олар жүз естіп, мың көзі шалған), бір кемшін таныласыз.

Тұрмыста қатып қалған қағидалар мен қайталана беретін сөз тіркестерін жиі естуге мәжбүрміз. Мәселен, "көпшілік алдында", "айта отырсақ", "бүгінгі күнде" және де өзге де сөз тіркестері. Бұлардың бір жаман жері, «айта отырсақ», иесін елеп-ескерместен, қағазға өз бетімен төгіле кетуі.

Өз кезегінде, мұның өзі оқу мәнерімізге қатты әсер етпек: кітаптан таныс сөздер мен таныс терминдерді қаншалықты көп кездестірсек, соғұрлым аттап өтуге тырысатын боламыз. Ең аяғы, оқу қызықсыз болып табылуы ғажап емес. 

Таптаурын сөз тіркестерін «танытудың» (арылудың) ең үздік тәсілі - таныс сөзді түсіруде қулыққа салып, сөз тіркестерін басқалай пайдаланған дұрыс. Бастысы, әйтеуір, оқырман түк түсінбей, шырайлы сөздерге шырмалған тұста, қарапайым әрі қарабайыр ойлардың алтын қазығын ұстап қала алу. 

Басқаша айтқанда, оқырмандар жақсы бір тосын жаңалық тауып алғандай болады, сол уақытта сіздің шығармаңызға сенімі арта түседі.

3. Қалай сөйлейсіз, солай түсіріңіз

Тек жазылған дүние ғана, ол жайлы армандар емес, өзіндік стилімізді қалыптастырады.

 П.Д. Джеймс

* * *

Америкалық жазушы әрі әйгілі сценарист Элмор Леонард оқырман үшін алдымен ең маңызды нәрсені атап өтеді: "дұрыс" мәтін мен білім беру бастысы емес екен. Ең маңыздысы - еш уақытта "хрестоматиялық" жазуды оқырманның қызығушылығы мен оның жан дүниесін жаулап алатын талант табиғатынан жоғары қоймау. 

* * *

Егер мұным жазылып қойғандай естілсе, мен жазуға қайта отырамын. 

Элмор Леонард

* * *

Сөйлегендей етіп жазу, жеңіл көрінгенмен, шын мәнінде қиынның қиыны. Бірақ, есесіне нәтижесі жаман шықпайды: мәтініңіз артық таптаурын сөз тіркестері мен таныс қайталауларсыз ұғынықты әрі қарапайым болады.

Өзіңіздің дәл осылай сөйлейтініңізді түсіну үшін, мына шартқа жүгінген дұрыс:

Қарсы алдыңызда отырған қарапайым жанды көз алдыңызға елестетіп, сосын соған әңгіме соғып отырғандай жазыңыз. 

4. Қысқа сөйлемдер мен сөздерді, қысқа параграфтарды пайдаланыңыз 

Ұзақ сөйлемдер әңгіме үстінде әдемі айтылып, ойыңыздың тігісін жазуы мүмкін. Бірақ жазып отырғанда мүлдем басқаша. Сондықтан дұрысы, созылған сөйлемдерді қыса түскен ләзім. Оның үстіне, мәтінмен жұмыс үстінде әр сөйлемнің жолын қысқартып, хал-қадеріңізше қажетсіз бөліктерін алып тастай беруге мүмкіндік бар. 

"Жарнаманың әкесі" саналатын копирайтер Дэвид Огилвидтің кеңесіне тағы бір қайтара құлақ түрсек:

* * *

Қысқа сөйлемдер мен сөздерді, қысқа параграфтарды пайдаланыңыз. Ешқашан бір нәрсеге екі беттен артық арнамаңыз.

* * *

Мұның бәрі редакторлыққа қатысты емес, түскен жолдардың қарапайымдылығы мен шынайылығы үшін айтылуда. Қысқа сөздерді неғұрлым жиі қолдана отырып, ақпаратты барынша ұғынықты етіп беруге тырысыңыз.

* * * 

Екі ұлы сөз шебері Уильям Шекспир мен Джеймс Джойс өз шығармаларында шынайылықты баланың тіліндей етіп жеткізуге тырысыпты. «Быть или не быть?», - дейді бірде Гамлет. Бұл тіркесте, өзіңіз көріп отырғандай, ең ұзын сөз төрт қана әріптен тұрады.

Курт Воннегут (америкалық жазушы-сатирик)

* * *

5. Көп жазуға емес, аз жазуға тырысыңыз

Өзіңізді жақсы жағдай үстінде сезініп, алғашқы шимайыңызды жазып болған болсаңыз, кезек редакторлыққа келіп жетеді. Ал бұл процесстің жазудан да көп уақыт алатынын, көп күш жұмсалатынын кейіндеу білетін боласыз.

Жазушылықта еңбегіңізді ерінбей қарап шығатын бір жан болса (егер) немесе әлгі еңбегіңізді өзіңіз дауыстап оқи алар болсаңыз - барлық қателік пен кем-кетіктер көзге түрпідей көрінер еді. 

Редакторлау уақытысында өз жазған дүниеңізден бөлініп, оны лайықты бағалау өте-мөте маңызды саналады. Өзіңіз үшін қатал редакторға айналуға тырысыңыз. Ойларыңыз қаншалық дөп жетсе, ұзақ сөйлемдердің түзілуі қаншалық дұрыс орналасса, соның бәрі әділетті сын талқыға түсуі тиіс.

Курт Воннегуттың редакторлауда қолданған өз ережесі: 

* * *

Сөйлемдер сізге қаншалықты сұлу болып көрінбесін, егер онда жаңадан тың дүние байқалмаса немесе маңызды ақпар сақталмаса – оларды сызып таста. 

* * *

Жазуды жалғастыра беру

Сіз неғұрлым көп жазған сайын, соғұрлым мәтіндеріңіз жақсара түсетіні ақиқат. Сол арқылы сіз жеке стиліңізді шыңдап қана қоймай, жазу процесін қарқындата түсесіз. Ойлар тапшы қылған сәттерде де жазуды жай ғана жалғастыра берген ләзім. Керемет туындының бастамасы, мүмкін осы жолы болып қалар... 

Көп жазбаңыз, жиі жазыңыз

Егер бір нәрсені бағалы етіп жасағыңыз келсе, онда жаттығу қажетЕң алдымен, жазуды жалғастыру үшін тәртіп керек. Сосын, жазғың келмеген сәттерде, не болмаса тойып біткен шақтарда жазуды жалғастыра беруге қажырлы қайрат табылуы қажет-ақ

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: strana-sovetov.com

Л. Лига