Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Мұхтар Әуезовтің нақыл сөздері

Мұхтар Әуезовтің нақыл сөздері

Мұхтар Әуезовтің нақыл сөздері

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің нақыл сөздерін ұсынамыз. 

  • Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең. 
  • Маңына ұрық шашпаған жақсылық жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады.
  • Өнерпаз болсаң, өр бол.
  • Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.
  • Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.
  • Көген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып:“Ақырғы  діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” – десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.
  • Жігіт қадірі өнерімен өлшенер. 
  • Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет. 
  • Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.
  • Еңбек шыққан жерден төзім де шығады. 
  • Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
  • Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек.
  • Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік. 
  • Адам көркі – ақыл.
  • Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.
  • Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана – шын мәнінде қымбат табыс.
  • Адам ірілігі бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерінен құралады.
  • Адам баласының жасан құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.
  • Тумай жатып – толдым деме, толмай жатып – болдым деме.
  • Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.
  • Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.
  • Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.
  • Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.
  • Жауға – жалынба, досқа – тарылма.
  • Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.
  • Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.
  • Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.
  • Тамыр болдың – айтыс жоқ, Қолдан бердің – қайтыс жоқ.
  • Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар.
  • Көбікті толқын санама. 
  • Әділет тілесе – атаңның болсын айыбын айт. 
  • Бас асауға – жез ноқта. 
  • Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар. 
  • Сын – шын болсын, шын сын болсын. 
  • Іздессең – табарсың, алыссаң – аларсың.
  • Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?! 

Жазбаға "Қазақ афоризмдері" кітабы қолданылды

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: zhelide.kz

24439 4
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 06 қаңтар 2014, 21:07
Пікірлер
+0
06 қаңтар 2014, 23:09

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді. ОҚ :mrgreen:

+0
08 қаңтар 2014, 21:17

Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле. Мағынасын жете түсініп келем.

+0
09 қаңтар 2014, 20:24

"Аузымен айды алып, қолымен қосаяқ соға алмайтын жандар бар", "Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар. "

+0
24 қаңтар 2014, 14:44

уайым да көп - ойлай берсең

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...