2013 жылдың үздік кітаптары

2013 жылдың үздік кітаптары

Әлемді техника жаулап бара жатқандығына, уақыттың тапшылығына қарамастан, адамдар жазуды тоқтатқан жоқ, бастысы жазылғанды оқудан бас тартқандар көп емес. Оқымасақ та, бәріміз өмірде бір рет болсын кітап дүкеніне бас сұғамыз емес пе? Ал енді біріміз кітаптың иісін сағынғандықтан іздеп барамыз. Сіз биыл қандай кітапты іздедіңіз? Қаламгерлер қандай кітап жазды? Әлем қандай кітаптарды мойындады? Ең үздіктермен таныс болыңыз.

Борис Акунин шығармашылығының жанкүйерлерін із кесуші Эраст Фандоринның шытырман оқиғалары жинақталған "Қара қала" ("Черный город") кітабы қатты қуантты. Араға үш жыл үзіліс салып жазған кітабының алғашқы таралымы дүкен сөрелеріне жетпестен сатылып кеткен. Акуниннің романдары стиль сезімімен, жеңіл оқылатындығымен, рақат сыйлайтындығымен ерекшеленеді.

2013 жылдың тағы бір жаңалығы –  Павел Саневтың "Раздолбайдың хроникасы" (“Хроники Раздолбая”) кітабы. Бұл атақты "Мені пернеуліктің астына жерлеңдер" (“Похороните меня за плинтусом”) повесінің жалғасы екен. Алғашқы бөлім оқырмандар мен сыншыларға қатты әсер еткен. Жаңа кітапта енді ғана өмірдің ағысына ілесіп келе жатқан кейіпкердің уайымы мен ойлары ашық айтылады.

Атышулы жазушы Дэн Браун 2013 жылы "Тамұқ" ("Инферно") атты жаңа романын жарыққа шығарды. Кітап детектив жанрында жазылған. Жаңа құпияларды ашып, шытырман оқиғаларға тап болатын кейіпкердің өмірі сізді қызықтыратындығына сенімдіміз. Сондай-ақ, Дэн Браунды одан әрмен жақсы көре түсесіз.

Әйелдерге арналған романдарды ұнататындар үшін Ребекка Донованның "Сүю үшін өмір сүру" ("Жить, чтобы любить") деп аталатын романына назар аударуға кеңес беріледі. Басты қаһарман Эмма Томас басқалар секілді шағын ғана қалашықта тұрады, ортақ ережелерді қолданады, бірақ махаббат келгенде бәрі де өзгереді...

2013 жылы Грегори Дэвид Робертстың "Шантарамы" соңғы он жылдықтың ең үздік романдарының қатарына енді. Әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, ең мықты деген қаламгерлердің туындыларымен салыстырылып жүр.

Фантастика жанрының оқырмандары Сергей Лукьяненконың "Күзет" ("Застава") кітабын бірауыздан мойындады.

Егер жай ғана күліп, демалғыңыз келсе Мария Метлицкаяның "Ененің күнделігі" ("Дневник свекрови") атты шығармасын оқыңыз. Жеңіл оқылатын кітап та оқырманның жоғарғы бағасына ие болды.

Бұл тізім – әлемдік көрсеткіш. Таяуда season.kz порталы "Меломан" компаниясы үздік деп тапқан кітаптардың тізімін жариялады. Сіз де таныса отырыңыз:

1.Жоғарыда атап өтілген Дэн Браунның профессор Роберт Лэнгдонның шытырман оқиғалары туралы жазылған "Тамұқ" ("Инферно") кітабы.

2. Джоан Роулинг ханымның ересектерге арналған алғаш туындысы "Кездейсоқ бос қызмет" ("Случайная вакансия") екінші тізімде тұр.

3.  Қазақстандық тарихшы Радик Темірғалиевтің "Ақ Орда, Қазақ хандығының тарихы" атты кітабы да үлкен сұранысқа ие болған.

4. Фрэнсис Скоттың "Ұлы Гэтсби" кітабын оқып та үлгерген шығарсыз...

5. Белгілі америкалық журналист Памела Друкерманның француздың тәрбиеге негізделіп жазылған "Француз балалары тамақпен түкірмейді" (Французские дети не плюются едой") кітабы да үздіктер қатарында екен.

6. Ронда Берннің жаңа жұмысы "Сиқыр" ("Магия) деп аталады.

7. Жетілікті әйгілі жазушы Сесилия Ахерннің "Айнадағы қыз" ("Девушка в зеркеле") атты сентиментальді романы иемденді.

8. 2013 жылдың үздіктерінің қатарында Пауло Коэльлоның "Аккодан табылған Манускрипт" романы бар.

9. Неміс журналисі Ян-Филипп Зендкердің "Жүрек соғысын есту өнері" ("Искусство слышать стук сердца") туындысы бір рет басылғаннан-ақ,  әлемдік бестселлерге айналды. 

10. Тізімді аяқтайтын – Джоджо Мойестің "Сенімен кездескенге дейін" ("До встречи с тобой") атты кітабы 31 тілге аударылған.

Бұл кітаптардың барлығын "Меломан" дүкендерінен тауып аласыздар.

Ал сіз биыл қандай кітаптарды оқыдыңыз? Ой бөлісе отырыңыз...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: hostingkartinok.com