Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Жюль – дәруіш те, сәуегей де емес...

Жюль – дәруіш те, сәуегей де емес...

Жюль – дәруіш те, сәуегей де емес...

"Мен не құрасам да, не ойлап тапсам да, бәрі де адамның шынайы мүмкіндіктерінен төмен болады. Ғылымның қиялдың алдына шығатын кезеңі әлі-ақ келеді".

Жюль Верн

Жюль Верн фантастиканың негізін қалаушы ғана емес, технологияның даму бағытының болашағын дәл болжай білген ұлы жазушы. Оның 108 идеясының он шақтысы ғана жүзеге аспай қалды. Дәл осылай қиялға шынайы өмір бердім деп ешбір ғалым мақтана алмайды. Сонда Жюль Верн кім болды?

35 жастағы Жюльге "Әуе шарындағы бес апта" атты кітабы үлкен танымалдылық әкелді. Бір жылдан кейін, 1863 жылы жазылған кезекті кітабының мұқабасына шығарушысы әрі редакторы Пьер Эртзел "Сізден көп күтіп едім, мынауыңыздан пессимизмнің лебі есіп тұр" деп жазыпты. Алғашқы беттегі бұл жазу кітапты бір сәтте түкке тұрғысыз қоқыс етіп тастады.

Алайда, Верннің еңсесін түсіруге уақыты да жоқ болды. Ол келісім-шарт бойынша, жыл сайын бір кітап жазып шығуы керек еді, мерзім бітуге таяп қалды. Күрсінді де, бұл кітапты сәтсіз туындыларға арналған жасыл сандығына салды, кілттеді. Артынан қаламы мен сиясына қайта жабысты. Ол шығармашылықтағы 50 жылдық ғұмырында бестселлерге айналған 60-тан астам кітап жазды. Ал жасыл сандықты Амьендегі үйдің шатырында шаң басып қала берді.

Жазушының өлімінен бір ғасыр өткеннен кейін немересі Жан-Жак Верн бағалы сыйлықтар бар болар деген үмтіпен сандықты ашады. Онда аяқталмаған бірнеше пьеса және "1968 жылдағы Париж" атты романның екінші кітабы ғана бар екен.

Верн жүз жыл бұрын-ақ кемеңгер фантаст атағына ие болған, бүгінде оны сәуегей деп атап жатады. Расымен де, француздың ғылыми болжамдарының көпшілігі күн сайын ақиқатқа айналып жатыр. Олар төмендегідей:

1. Электр үстелі

2. Ұшақ («Властелин мира» еңбегі).

3. Тікұшақ  («Робур-Завоеватель»).

4. Ғарышқа ұшу, оның ішінде Айға қону да бар  («С Земли на Луну»). Жазушы шығармасы үшін таңдаған орын Канавералдағы заманауи космодромға жақын орналасқан.

5. Еуропаның орталығындағы мұнара (Эйфель мұнарасы соғылғанға дейін). Жазушының қиялындағы мұнара мен париж нышаны өте ұқсас келеді.

6. Планетааралық саяхат («Гектор Сервадак»).

7. Видеобайланыс және телевидение («Париж в XX веке»).

8. Түркісб құрылысы ("Из России в Пекин").

9. Ауыспалы векторлы күшке ие ұшақ («Необыкновенные приключения экспедиции Барсака»).

10. Суасты қайығы («20 000 лье под водой»).

11. Автоматтық қарулар.

12. Электрмобильдер.

13. Хирургиялық трансплантациялар т.б.

Орындалмаған болжамдар:

"Солтүстік полюстегі Жер" ("Приключения капитана Гаттераса") және "Оңсүтік полюстегі мұхит"  («20 000 лье под водой»).

Ол көбіне ғылыми журналдарды көп ақтарады екен, бірақ оның осыншама дүниелерді қалайша дөп басып болжағандығын ешкім де нақты айта алмайды. Кездейсоқтық дегенге де келмес...

ЮНЕСКО-ның статистикасы бойынша, Верн "ең көп аударылатын автор" екен. Оның кітаптары 148 тілде шығарылды. Оның тағы бір ерекшелігі "кабинеттік" жазушы болмағандығы, Верн өте көп саяхаттады, сапарға көбіне "Сен-Мишель I", "Сен-Мишель II" және "Сен-Мишель III" яхталарымен шыққан екен. Өзінің соңғы саяхатын 1884 жылы "Сен-Мишеле III" яхтасымен жасайды. Жазушы Алжирды, Мальтаны, Италияны, Жерорта теңізінің басқа да елдерін аралады.

Өліміне аз уақыт қалғанда Жюль Верн зағип болады, алайда, ештеңеге қарамастан кітаптарын айтып жатқа жаздыруды жалғастыра береді. Ұлы француз қаламгері 1905 жылдың 24 наурызында қант диабеті ауруынан қайтыс болады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vokrugsveta.ru

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 қараша 2013, 11:32
Пікірлер
+0
25 қараша 2013, 11:49

148 тілге аударылған?! Мәссаған! :shock:

+0
25 қараша 2013, 13:05

Ғылым барлығын басып озуда, толықтай қосыламын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.