Сары торғын (әңгіме)

Сары торғын (әңгіме)

Авторы: Фете Хамил(АҚШ)

Олар үш бойжеткен, үш бозбала 34-ші жол автобусына азық-түліктерімен қоса ішімдік және қағаз сумкаларын салып, Флорида штатының Форт Лаудрлил қаласына баруға жолға шықты. Олардың бағыты теңіз қайраңының жағасына барып саяхаттау еді. Бұл шақта Нюь-Йорктың салқын көктемі кетіп, жайдарлы жазы келе бастаған болатын. Олармен бірге автобусға шыққан Уинго алдыңғы орындыққа келіп отырды. Тез қарқынмен заулаған автобус ілезде нюжерси қаласынан отып үлгірді .олар үнсіз отырған сапарластары Уингоға сөйлемекші еді, бірақ үнсіз күйде отырған Уинго ешқандай ыңғай білдірмеді. Шаң-тозаң басқан бетінен оның жасын айыру қиындау, ал үстіне киген қоңыр шинелі оған мүлде жараспаған, арбиған саусақтары темекінің сарғышынан сарғайып кеткен еді. Ол ернін жымырған күйі құдды не болғанын біле алмаған жандай әлі де үнсіз күйде отыр. Ымырт үйріле бергенде автобус ховард жонсон тағамжайының алдына келіп тоқтады. Осы кезде Уингодан басқа жолаушылар автобусдан түсе бастады. Жастар жағы жол бойы үнсіз келген сапарластары Уингоның жағдайын білгілері келді. Бәлкім ол теңіз капитаны болған болу керек, бәлкім ол әйелінен айырылған жалғыз бас пенде шығар немесе үйіне оралған қарт солдат па деген күдікті ойлар оларды жиі мазалады. Сәлден соң олар автобусға қайта шыққанда араларындағы бір жас қыз тосаттан Уингомен әңгімелескісі келді де оның алдындағы орындыққа отыра салып сөз бастады:

– Біз Флоридаға бара жатырмыз, сізде сонда барасыз ба?

– Білмеймін.

– Мен Флоридаға барып көрмеппін, естіуімше ол жер көркем де келісті жер дейді .

– Солай шығар, -  деді Уинго үні бәсең шығып .

– Сіз сол жерде тұрасыз ба?

– Иә, мен сол жердегі Джекслнил базасында теңіз әскері болғанмын.

– Арақ ішесіз бе? - деді қыз.

Ол күлімсіреген бейнемен қыз берген арақты алып қауып бір ұрттады да, қызға рахметын айтып қайтадан үнсіз күйге ауысты. Сәлден кейін қыз орынна қайтқан соң Уинго қалғып кетті. Манаурап таң атысымен олар бір-бірін оятып таңғы ас ішуге дайындалды. Уинго бұл сәтте әлдеқашан тағамжайға келіп алған еді. Әлгі жас қыз Уингоны асты бірге отырып ішуге шақырды, бірақ Уинго даяшыға қара кофе бұйыртып, темекі шегіп өз ойымен өзі әбігер. Ал жастар жағы теңіз қайраңы жағасында рахат ұйықтаған әсерлерін көңілді әңгіме етіп жатты. Сәлден соң автобус қозғалғанда әлгі қыз тағы да Уингоның қасына келіп отырды. Арада сүт пісірымдай уақыт өткенде ауыр күрсінген Уинго өз кешірмелерін оған айтып берді. Алдымен ол өткен төрт жылда Нюь-Йоркта түрмеде жатып, қазір босап үйіне қайтып келе жатқанын әңгімеледі .

– Үйлендіңіз бе?

– Білмеймін.

– Неліктен білмейсіз?

– Мен түрмедегі кезімде әйеліме хат жазып, егер ол менімен жалғасты үй ұстауға шарасыз қалып, басқа біреумен некелену ойы болса, әрі ол тұрмыстың соққсына шыдай алмаса, балаларымыз әкеміз қайда деп сұрап мазасын ала берсе мені ұмытып кетіп басқа біреумен некеленуіне қосылатындығымды, әрі маған бұдан былай хат жазбауын айтқанымын. Бірақ керісінше ол төрт жылдан бері менің келер жолыма үміт көзімен қараумен өмір өткізіп келді. Ешқашан маған хат жазудан жалыққан емес.

– Онда сіз бүгін үйіңізге қайтатын шығарсыз? Неге білмеймін дейсіз?

– Иә, деді ол ыңғайсызданған бейнеде. Алдыңғы аптада менің түрмеден шығуым тұрақтанған соң мен оған хат жазып егер ол басқа біреумен некеленген болса оны түсінетіндігімді, болмаса мені әлі де күтіп отырған болса мен көп өтпей үйге қайтатындығымды айытқанмын. Біз бұрын Брансвик ауылында отырғанбыз, ауылға кіре беріс жерде бір үлкен каучук ағашы бар болатын. Мен оған ол мені әлі да тосып отырған болса әлгі каучук ағашының басына сары торғын байлап қоюын, сары торғын көрінсе мен автобустан түсіп үйге қайтатындығымды, егер сары торғын көрінбесе жалғасты өз жолыма кете беретіндігімді ескерткенмін .

– Уоу, - деп әсерленгенінен қатты айғайлап жіберген қыз Уингоның әңгімесін жолдастарына айтып берді. Қатты толықып кеткен Уинго оларға үш баласымен және әйелімен бірге түскен суретті көрсетті. Осы сәтте Уингомен бірге қатты толқыған автобусдағылардың барлығы Брансвик ауылына тезірек жетуге асығып келе жетті. Олар қазір Брансвик ауылынан 20 шақырым қашықтықта еді. Осы кезде автобусдағы бірнеше жастар оң жақ орындықтың терезе жағына келіп жайғасып, каучук ағашын тезірек көруге тағатсызданып келе жатты. Көңіл-күйі астаң-кестең Уинго тезезе жаққа қарауға батылы бармай, бейне алда кездесетін үмітсіздікке белін бекем буғандай жабырқау күйде отыр еді. Автобус Брансвик ауылына жақындап келеді. Жиырма шақырым... он шақырым... бес шақырым... Сәлден соң автобусдағы жастар орындарынан түрегеліп, шыңғырып, айғайлап, тіпті кейбірі әсерленгенінен жылап та жіберді. Тек жүдеу көңіл Уинго ғана әлі де үнсіз күйде отырған еді, кенет ол каучук ағашы жапырағына қаз-қатар байланған сары торғындарды көргенде өз көзіне өзі сенбей қалды. Жалғыз өскен каучук ағашының жапырағы сары торғынға толған екен. Отыз немесе елу бәлкім жүз торғын шығар... Сары торғын байланған каучук жапырақтары құдды қарсы аламыз деп тұрғандай самал желмен баяу ырғалып тұр. Жүздерінен қуаныш байқалған жастар әлі де айғайлап келеді, олар Уингоның қолын кезек-кезек қысып, қимастықпен қоштасты.

Ағылшын тілінен аударған: Дүйсенәлі Шәмек

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: mhwmm.com

M. Auelkhan