Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Темірлан Жорабай: "Игі істің барлығы да Мағжаннан басталады"

Темірлан Жорабай: "Игі істің барлығы да Мағжаннан басталады"

Темірлан Жорабай:

Сүлеймен Демирел атындағы университетте халықаралық «Мағжан» әдеби-шығармашылық, өнер бірлестігі жұмыс жасайды. Келелі істерімен көпшілік назарына іліккен бұл бірлестік көптеген игі шаралардың бастаушысы болып жүр. Кеше ғана Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан байқау жайлы хабарлағанбыз. Осы байқау жөнінде толығырақ білу мақсатында және де "Мағжан" бірлестігінің іс-шараларымен танысу ниетінде осы бірлестіктің жетекшісі Темірлан Жорабаймен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. 

– Темірлан, Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына орай республикалық байқау ұйымдастырып жатыр екенсіздер. «Мағжан» әдеби-шығармашылық бірлестігінің жетекшісі ретінде толығырақ мәлімет беріп кетсеңіз.

– Биыл аталған мерекеге орай біршама ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстанда өткен «Мағжан көктемі» атты республикалық байқау, Қарағандыда өткен ақындар мүшайрасы, ғылыми конференциялар, т.б. Барлығы да жемісті нәтиже берді деп сенеміз. Осыған орай, алты алаштың ардақ тұтар тұлғасының есімін арқалаған біздің бірлестік те дүбірлі мерекені дүрілдетіп өткізуге бар күшін салмақ.  

Нақтырақ тоқталатын болсақ, осыдан бір ай бұрын бірлестік атынан республикалық көлемде байқау жарияладық. Тақырыбы – «Тек «ел» деген сөз үшін!».

Алаш қайраткерлерінің мол мұрасы, ел үшін еңіреп өткен қилы тағдырлары мен атқарған еңбектері ұрпақ тәрбиесі мен дамуына өлшеусіз үлес қосады, әрі бұл мәселенің маңызы бүгінгідей техногенді-ақпараттық тартыс заманында ерекше артып отыр. Сол себепті бұл сайысты ұйымдастырушылар төмендегідей нақты мақсат-міндеттерді алға қояды:

  • Тәуелсіз кезең ұрпағының рухани әлемін, жан азығын байыту, дүниетанымы мен талғам деңгейін өсіру. Ұлттық, елдік мәселелрге жан ашырлық көз қарас қалыптастыру.
  • Жастардың ізденімпаздығы мен патриоттық таным-түйсігін арттыру.
  • Жастардың өз ұлтының құндылықтарымен қоса туған тарихының қилы тұстарының бірі болған, әрі халқымыздың ел болып қалыптасу жолында аса маңызды кезең болып табылатын Алашорда қозғалысының мән-маңызын тереңдей танып білуге құштарлығын арттыру.
  • Алаш зиялыларының мол мұрасын зерттеу үрдісіне аз да болса үлес қосу.
  • Халқымыздың ардақты перзенттерін насихаттау

Байқаудың ережесі толығырақ сіздің сайтта да жарияланған болатын.

Бұл жолғы байқаудың басқа байқаулардан ерекшелігі неде?

– Бұл шараға тікелей ҚР ЖО, Әдебиет және өнер институты және көптеген басылымдар мен бірлестіктер, Ыстамбұл қаласындағы Фатих университеті тікелей қолдау білдіріп отыр. Ерекше көзге түскен, көркемдік және кәсіби тұрғыда озық шыққан туындыларға ауқымды тосын сыйлар бар. Егер сайысқа түскен шығармалардың қамтыған тақырыбы ауқымды әрі көтерер жүгі салмақты, үлкен талқыға түсе алатын болса, осы жылдың соңында Ыстамбұл қаласында М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты конференция ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл сапарға сайыс жеңімпаздарынан іріктелген үздік 10 қатысушы жолдама алады. 

– Осы орайда «Мағжан» әдеби-шығармашылық бірлестігінің қалай құрылғанын, атқарып жатқан өзге де іс-шаралары жайында айтып өтсеңіз.

– Бірлестігіміз 2007 жылы «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Ұлан Еркінбайдың жетекшілігімен құрылды. Басты мақсатымыз университет ішінде студенттердің шығармашылық, өнер және жеке әдеби-ғылыми ізденістерін арттыру болып табылады.

Бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен осы уақытқа дейін республикалық деңгейдегі іс-шаралар атқарылып келеді. Еліміздің айтулы тұлғалары Әзілхан Нұршайықов, Әбдуәлі Қайдар, Рабиға Сыздықова, Нұрғали Нүсіпжанов, Мұхтар Шаханов, Мекемтас Мырзахметов, Нұрлан Оразалин сынды т.б. ғылым мен өнер қайраткерлерін университет қабырғасына шақырып, кездесулер ұйымдастыру «Мағжан» клубының еншісіндегі жетістіктері еді.

Бірлестігіміз тек қана әдеби шаралар ғана емес, ұлттық менталитетіміздің, салт-дәстүріміздің сақталып, дамуына маңызы зор іс-шаралар өткізіп келеді. Мәселен, жыл сайын өтетін Тәуелсіздік күні, Наурыз мерекесін және дәстүрлі университетаралық СДУ ақындар айтысын Мағжан бірлестігі ұйымдастырып келеді. Бұларға қосымша өткен жылы бастау алған асық ойынынан ауқымды турнир де өткізілді. 

Республикалық деңгейдегі «Әлемдік балалар әдебиетінің классикалық туындыларын қазақ тілінде сөйлету» атты жас аудармашылардың сайысы өтті. Сайыс барысында шет тілдерін меңгерген дарынды жастар қытай, парсы, француз, түрік, ағылшын тілдерінде жазылған туындыларды түпнұсқадан қазақ тіліне аударып бақ сынасып табысты нәтижеге қол жеткізді.

Бірлестігіміздің ерекшелігі ретінде клубымыздың жанынан ашылған төрт департаментті атай аламыз. Олар: шығармашыл жастардың поэтикалық талғамы мен шығармашылық деңгейін арттыру мақсатында ашылған «Поэтика» бөлімі; өнерлі жастардың сахналық жұмыстарға бейімділігін арттыру үшін құрылған «Драма» бөлімі; бірлестік құрамындағы білімгерлердің оқу үлгерімін арттыру үшін бірнеше пәндерден жүргізілетін қосымша сабақтар; жас жазармандардың шеберлігін шыңдауға бағытталған «Публицистика» бөлімі.

– Студенттердің әдебиетке деген қызығушылын оятуда алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар?

– Келесі оқу жылында университетімізде ауқымды түрде «Поэзия күнін» өткізбекпіз. Бұл шараға көптеген белгілі ақын-жазушылар мен дарынды жастар тартылмақ. Қатысамын деушілерге есігіміз ашық.

Алдымызға қойған мақсаттар қатарында ЖО-мен тұрақты байланыс құрып, Одақтың шараларына студенттерді белсенді қатыстыра отырып, оларға нағыз әдеби ортадан нәр алдырғымыз келеді. Бұйыртса жоғарыда аталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отырсақ және аталған төрт бағыттағы жұмысымыз өз жалғасын табар болса, мұның өзі бірлестік құрамындағы біршама білімгердің кеудесіне әдебиетіміздің асыл дәнін себер деген үміттеміз.  

Студенттер арасындағы ақындар айтысы

«Әлемдік балалар әдебиетінің классикалық туындыларын қазақ тілінде сөйлету» атты жас аудармашылардың сайысы

Дәстүрлі әнші Еркін Шүкіманмен кездесу

Мұхтар Шаханов, Нұрлан Оразалиндер сынды белгілі ақындармен кездесу кеші

 

Әдеби жүздесулер

Жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесу кеші


Сұхбаттасқан: Шерхан Талапұлы

Суреттер "Мағжан" әдеби-шығармашылық бірлестігінің жеке мұрағатынан алынды

1572 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 12 қазан 2013, 15:18
Пікірлер
+0
12 қазан 2013, 15:20

Тамаша сұхбат болған екен. Темірлан бауырымызға алғыс! Ендігі істерінде де жемісін көрсін!

+0
12 қазан 2013, 15:28

Тамаша! Темірланның ісіне жетістік тілейміз!

+0
12 қазан 2013, 15:34

Сұхбатты оқып болған соң, еріксізден өзіме "Мен қандай игі істер жасап жүрмін?" деген сұрақ қойғым келді...

+0
12 қазан 2013, 15:57

Осындай клубтар әр университетте жұмыс жасап жатыр. Тек соларға қолдау, жұмыстарын насихаттау жетіспейді. Қазақтың әр баласы игі іске ұмтылып жатса қуана білейікші...

+0
12 қазан 2013, 16:19

СДУдағы әдеби орта керемет енді, тек сәл алыстығы болмаса.., әйтпесе о жақтағы шаралардың бірінен де қалмас ем)

+0
12 қазан 2013, 17:33

Темірлан шаршамасын, ісі алға баса берсін!

+0
13 қазан 2013, 07:28

Aйтқандарыңыз періштенің құлағына шалынғай, әмин... Сіздерге де шексіз алғыс білдіреміз... Алаш ұғландары жасасын...

+0
14 қазан 2013, 22:07

Біздің братан ғой! :D

+0
31 қазан 2013, 18:08

Жақсы бастама екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев