Жазушы Ремарктың сөздері

Жазушы Ремарктың сөздері

Назарларыңызға атақты жазушы Эрих Мария Ремарктың "Үш жолдас" (Три товарища), "Салтанатты арка" (Триумфальная арка), "Батыс майданда өзгеріс жоқ" (На западном фронте без перемен) және "Қарызға өмір сүру" (Жизнь взаймы) атты романдарынан алынған үздік цитаталарды ұсынамыз.

Махаббат жайлы

  • Махаббатқа түсіндірменің қажеті жоқ. Оған әрекет керек.
  • Кез келген махаббат мәңгі бола алады. Оның мәңгі азабы осыдан тұрады.
  • Әйел махаббаттан ақылдырақ болса, ер адам басын жоғалтады.
  • Адаммен тек біржолата айырылысқан кезде оған байланысты барлық нәрсеге қызығушылық таныта бастайсың. Махаббат оғаштығының бірі осындай.

Бақыт жайлы

  • Тек бақытсыз адам ғана бақыттың не екенін біледі. Бақытсыз адам өмірдің қуанышын манекеннен артық сезе алмайды: ол тек сол қуанышты көрсете алады, бірақ ол оған берілмеген. Күндіз ол жарық – жарық бермейді. Ол қараңғыда жарық түсіреді.
  • Шын мәнісінде адам уақытқа еш мән бермейтін кезінде және оны қорқыныш асықтырмаған кезде ғана шынымен бақытты.
  • Бақыт - әлемдегі ең белгісіз және ең қымбат нәрсе.
  • Ең ғажап қала - ол адамның бақытты болған жері.

Адам жайлы

  • Адам берілмегенге дейін өз тағдырынан мықтырақ.
  • Адамның көргені аз болған сайын, өзі жайлы тым жақсы пікірде болады.
  • Ең жеңіл мінез циниктерде болса, қиын мінез - идеалистерде. Сіздерге бұл біртүрлі болып көрінбей ме?
  • Барлық адамның сезу қабілеті бірдей деп болжау қателік.
  • Егер адамдар байқап қоймасын десең, сақ болмаған дұрыс.

Әйел жайлы

  • Бір нәрсені есіңде сақта, бала: егер әйел үшін бірдеңе жасасаң, оның алдында ешқашан, ешқашан, тағы да бір рет ешқашан күлкіге қалмайсың.
  • Маған әйел затының ер адамға оны жақсы көретінін айтпауы керек болып көрінетін. Оны әйелдің жарқыраған, бақытты көздері айтсын. Ол кез келген сөзден де айқынырақ.
  • Әйелдерді не қадір тұту керек, не тастау керек. Қалғанының бәрі - өтірік.
  • Егер әйел басқа біреумен болса, ол бес есе сүйікті – ескі ереже.
  • Әйелдерге ештеңені түсіндірудің қажеті жоқ, олармен тек іске көшу керек.
  • Әйел - металлдан жасалған жиһаз емес; ол - гүл. Ол іскерлікті қаламайды. Оған күнгей, жылы сөздер керек.

Өмір жайлы

  • Қолжетімсіз нәрсе әрқашан өзіңде барынан жақсырақ болып көрінеді. Адам өміріндегі романтика мен есуастық осыдан тұрады.
  • Ең қиыны алғашқы жетпіс жыл өмір сүру, ал ары қарай оңайлана түседі деп жатады.
  • Өмір - желкенді қайық. Желкені көп болғаны соншалық кез келген уақытта аударылып қалуы мүмкін.
  • Өкіну - әлемдегі ең пайдасыз нәрсе. Ештеңені артқа қайтара алмайсың. Ештеңені түзей алмайсың. Олай болғанда бәріміз әулие болар едік. Өмір бізді мінсіз қыламын деген жоқ.
  • Принциптерді кейде бұзу керек, әйтпесе одан ешқандай қуаныш болмайды.
  • Өлгің келетін уақытқа дейін өмір сүргенше, өмір сүргің келген кезде өлген жақсы.
  • Сіз қандай жағдай болмасын ештеңені жүрегіңізге жақын алмаңыз.  Әлемде аз ғана нәрсе ұзақ уақыт маңызды болады.

Қызықты деректер

  • Жазушының шын есімі - Эрих Пауль Ремарк. Ол өзінің екінші атын анасының құрметіне өзгерткен.
  •  Эрих бірінші басылып шыққан повестінен ұялғаны соншалық, бүкіл тиражды өзі сатып алыпты.
  • "Батыс майданда өзгеріс жоқ" романын Ремарк небәрі алты-ақ аптада жазып шыққан.
  • Ремарк Достоевскийді оқығанды ұнатқан.
  • Марлен Дитрих АҚШ-қа кеткен кезде Ремакр оған күн сайын хат жазып тұрыпты.
  • Ремарк Нобель сыйлығына ұсынылған, бірақ неміс офицерлері Лигасының наразылығы кедергі болды. Олар Ремаркқа романды Антантаның тапсырысымен жазған және қолжазбаны қаза тапқан жолдасынан ұрлап әкетті деген айып таққан. Оны сатқын, плейбой деп атаған.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: vk.com 

Ж. FM