Зейнолла Сәнік өмірден озды

Зейнолла Сәнік өмірден озды

Бүгін Қытайдың мемлекеттік Жазушылар Одағының, мемлекеттік фольклор қоғамының мүшесі, тарихшы, зерттеуші Зейнолла Сәнік дүниеден өтті. Мемлекеттік сыйлықтың иегері 26 қыркүйекте Алматы қаласында көз жұмды.

Зейнолла Мүбәракұлы Сәнік 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Пекин қаласындағы орталық жастар институтын бітіріп, еңбек жолын баспагерліктен бастаған. Үрімжідегі жастар баспасында жауапты редактор болып қырық жылдай қызмет атқарған. 1955 жылдан бастап әдеби зерттеу жұмыстарын жаза бастаған. Сол уақытта Қытайда жүргізілген "мәдени төңкерістің" ауыр соққысына ұшырап, "халық жауы" болып, ауыр күндерді де өткерген. 

Соған қарамастан, қаламгердің ғылыми еңбектерінен, роман, повестерінен құралған жиырмадан астам кітабы жарық көрген. Қазақстанда "Қаракерей Қабанбай", "Хас батыр Қабанбай", "Тұғырыл хан", "Демежан батыр", Халық күйшісі Қайрақбай", "Баспай" атты кітаптары мен еңбектері жарияланған.

Ертең, 27 қыркүйек күні сағат 10.00-да Алматыдағы Жазушылар Одағында Зейнолла ағаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді.

Massaget.kz ұжымы марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

сурет: azattyq.org

Л. Лига