Кафка мен Прага

Кафка мен Прага

"Оны екі жағынан өртеп жіберер ме еді..."

Франц Кафка

Әдебиет төркінінде Франц Кафканың есімі ең бірінші аталатындардың қатарында. Жазушы туралы небір эсселер, небір естеліктер жазылды. Солардың көпшілігінде жазушының шығармашылығы туралы айтылды. Ал, бірақ, жазушының Прагада өмір сүрген тұстары туралы көп айтыла бермейді. Мұның сыры неде десек, қаламгер бұл қаланы жақсы көрмеген екен... Әкесі озбырлығы әлемдік классиктің жек көрінішін туғызған деседі. Соған қарамастан, өлімнің ақыр аяғы жазушыны Прага моласына тапсырды...

Қалалар қаламгерлер шығармашылығының тынысын беріп жатқандай әсер қалдырады. Оған алыс-жақыннан алып-қосар мысалдар жеткілікті. Ажалдан соң алыпқа айналған Кафканың бүкіл ғұмыры Прагамен тығыз байланыста жатыр. Жазушының бар ғұмыры осы бір тамаша қалада өткен...

Кафка бір сөзінде: "Прага біздерді босатпайды.  Сені де, мені де..." - дейді. Махаббат емес, мағыналы бір ойлар жатыр.  Егер оның бұл қалаға деген махаббаты бар болар болса, ауыр да азапты сезім шырмауы болған шығар. Махаббат пен жек көру...

Ол Прага туралы былай деді: "Бұл шешейдің тырнақтары бар... Оны екі жағынан өртеп жібере ме еді (Вышеград пен Градчанды), сонда, мүмкін, босап шығуға болар ма еді. Бұл карнавалды көз алдыңа елестет". Бұл - жүректі бір көргеннен жаулап алатын еуропалық ескі қала туралы...

Таңқаларлығы - Франц Кафка бүкіл өмірін Пражский градта, Ескі қалада өткізген - бар уақытта сол жерден басы ауған жаққа кетіп қалғысы келген. Ешқашан Праганы шырқаған емес. Оның бірде-бір шығармасында прагалық романтиканың лебі, аңыз бен мұраның жалғасы көрініс таппайды...

Бұның бәрі әкесінің озбырлығына байланысты жазушының терең уайымы. Кафка Праганы ата-анасымен ұқсастырып, балалық шақтан бастап әкесінің қол астынан сытылып шығып, жек көрінішті Праганы тастап кеткісі келді...

Бірақ, тағдырдың мазағы ма, Франц Кафка мен Прага мәңгілікке шендесіп қала берді. Дегенмен, өмірінің ақыр аяғында Кафка Прагадан кетіп, Вена жақын тұстағы Kierling қаласына қоныстанады. Алайда, көп ұзамай, 1924 жылы туберкулезден көз жұмады. 

Және ақыр аяғы өлімнен соң да Прагамен мәңгілікке шендесіп қала берді. Жазушы өзінің соңғы тұрағын осы қалада, праждық зираттан иемденді. Бұл – Ольшан ауданы. Тақтаға неміс пен чех тілінде жазылған жазулар түсті.

Неге неміс тілінде? Жазушының тағы бір құпиясы көрінеді. Туған тегі еврей болып, бар ғұмыры Прагада өткен жазушы бүкіл дерлік шығармаларын тек неміс тілінде жазған. Бұған түсінік те бар. 

Естеріңізге салсақ, Франц Кафка 1883 жылы Чехия Аустро-венгериялық империяның иелігінде болған тұста Прагада дүниеге келеді. Тағы бір қарама-қайшылық: чехтар оны ұлы чех жазушысы санайды, ал ол еврей болатын, немісше жазатын және бүкіл әлемде аустро-венгриялық жазушы ретінде танымал. Кафканың өзін қай ұлтқа жатқызды, ол жағы белгісіз қала бермек...

 Кафканың отбасы өмір сүрген үй

Кафканың үйі

Прагадағы Кафкаға қойылған мүсін
Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: ceteratura.ru; modernlib.ru 
Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Созылмалы обструкциялы өкпе ауруы
Созылмалы обструкциялы өкпе ауруы
Тыныштықбек Әбдікәкімұлының карантин туралы өлеңдері
Тыныштықбек Әбдікәкімұлының карантин туралы өлеңдері
Мэрилин Монроның бет орамалы театрды сақтап қалды
Мэрилин Монроның бет орамалы театрды сақтап қалды
Chevrolet Tracker – қала динамикасы
Chevrolet Tracker – қала динамикасы
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды