Бернар Вербердің 5 минуттық лекциясы

Бернар Вербердің 5 минуттық лекциясы

Бернар Вербер кітапты не үшін жазады, бақыт деген ол үшін не, болашақ ұрпақты қалай елестетеді? Жазушының айтпақ болған басты ойлары. 

* * *

Қоғамға бес жылға алға емес (саясаткерлер секілді), одан да алысқа қарайтын адамдар керек. Егер біз проблемаларды шешкіміз келсе, онда болашақты шолып, ауа қоры мен судың күндердің бір күні таусылатынын және егер біздер бүкіл байлықтарды пайдаланар болсақ, біздің балаларымызға ештеңе қалмайтынын айтуымыз тиіс. Нағыз жазушының қызметі (функция) – белгілі бір жүйелердің істен шыққанын хабарлауы тиіс және алғашқы болып дабыл соғатындардың бірі болуы қажет. 

Келешектегі адамзаттың үш басты сипаттамасы бар: адамдар аласа бойлы болуы тиіс, өзімшілдігі кем және әйел баласы үлкен болғаны дұрыс. Бірақ әзірше бәрі керісінше болып тұр. Біріншіден, балалар көп жейді және үлкен болып өседі. Екіншіден, дағдарыс адамдарды шектен тыс өзімшіл болуына итермелеуде, олар өзгелерге көмектескілері келмейді және өздерін қоршаған әлемнен жекелеп тұрады. Үшіншіден, бізде баланың жынысын о бастан біліп алуға мүмкіндік туды, және кейбір елдерде, мәселен, Қытайда ұл бала артық қадір-қасиетке ие саналады, барлығы қыз баланы дүниеге аз әкеледі.

Уэльбектің (француз жазушысы) әдебиеті торыққан һәм түңілген. Автор әлемдік кең көзқарас көкжиегіне иелік еткені жөн, ал, сосын, ішкі толқуларын баяндау қажет емес. Уэльбек, менің көзқарасымда, шектеулі көзқарастағы сәнді (модный) автор, уақыт өте келе, оның уақыт сынына төте бере алатынана күмәнім бар. 

Бақыт – бұл тыныштық сәті. Үміттенем, өмірімнің соңғы секундтарында мен күлімсірейтін боламын, және өзім не қалағанның бәрі орындалғанын ойлаумен тұрамын. Сол үшін де мен кітап жазып жүрмін. Байлық, ақша –бұның бәрі маңызды емес, бастысы - әлемнің сәл де болса жақсаруы үшін қолыңнан келгеннің бәрін жасағандығы туралы сезіну, ұғыну. 

Мен жазып жатқанда музыка тыңдаймын, бірақ, соңғы уақытта мұны сиретіп барамын. Менің кейіпкерлерім көбірек әңгімелесе бастады, және ендігі таңда мен оларды тыңдауым керек. Алайда, музыка сол баяғыша соғысты баяндауыма, махаббат пен қоршаған әлемді жазуыма көмектесуде. Өз кітаптарымның соңында жазып жатып, тыңдаған композициялардың тізімін беремін. Адам оқып жатып, менің тыңдағамдарымды естісе екен деп тілеймін. 

Құдай – бұл жоғары ақыл-парасат, және менің деңгейім төмен болғандықтан, менің оны тануым екіталай шығар. Бірақ мен оны шүбәсіз махаббаттың (өздерін жаман көрсетіп жатса да, сол баяғынша балаларын жақсы көруден танбайтын жандар секілді) көзі ретінде қарастырамын. Ол бізді дұға етпеді деп, тұмар тақпады деп сөкпейді. Құдай – өзін толық адамға сыйға тартқысы келетін тіршілік, бірақ егер адам бұған дайын болып, іші бос болып жатса, және сызбалар мен нұсқаларға толы болмағаны ләзім. 

Отбасы дамуға көмектеседі. Бірақ егер ол (отбасы) мұны жасамаса, онда адам өзін одан аулақтауға батылдық таба білуі тиіс.

Аударған: Фараби Арыстанбек

сурет:lefigaro.fr 

Л. Лига