Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Әйгілі адамдардың қартайған шақтағы хоббилері

Әйгілі адамдардың қартайған шақтағы хоббилері

Әйгілі адамдардың қартайған шақтағы хоббилері

Жиырма жастан алыс кеткен, жиырманың үшеуінде тұрған қарттарымызға бір қызық мысалдарды ұсынғалы отырмыз. Қарт кезде де көп нәрсеге үйренуге болады. Қарттық жаста әлемді төңкеріп тастамаса да, әр салада аты шыққан жандар бар екен. 

* * *

1928 жылы америкалық психолог әрі педагог Торндайк оқып-білу қасиетінің 20 жасқа дейін өсетіндігін, ал сосын бірнеше жылдарға тұрақты болып барып төмен құлдырайтынын тұжырымдаған болатын. 

1980 жылдары "ересектердің оқуы" төңірегінде шет елде көптеген зерттеулер жүргізіліп, замандық IQ-тестісінің қалануына мұрындық болған теориялардың бірінің авторы  Д. Хорн интеллекттің екі формасының өмір сүретіндігін алға тартты. Біріншісі, биологиялық негіз қалайтын "ақпа" (fluid) формасы. Екіншісі, өмірінің көп кезеңінде өсіп-өнуіне мүмкіндік беретін, индивидтің ішкі толқынысын тудыратын «кристалдық» (crystallized) формасы.

Әлеуметтанушы П. Аллман, өз кезегінде, бүкіл ғұмыр бойына білім жинау болашақта ересектердің өсіп-өркендеуіне жол ашады деп жорамалдады. 

"Learning in Adulthood: A Comprehensive Guide" кітабының авторы Розмари Кафарелла (Солтүстік Колорадо Университеті) және Шэран Мерриэм (Джорджия Университі) өз зерттеулерінде былай дейді:

"Қарттық жастағы адамдар интеллектуалдық мүмкіндіктерін жоғалта ма - бұл сұрақ әлі кеңінен қарастырыла қойған жоқ, оның үстіне, зерттеулер мен әдістемелер аздық етуде. Көпшілік тарап кеткен пікір бойынша, адамның ақыл-ой қарымы жетпіс жасқа дейін бір қалыпты немесе тұрақсыз күйінде қалады".

The New York Times газеті жастық шақтан алыс ұзай отыра жаңа хобби немесе жаңа спорт түрін тауып алған әйгілі жандарды ұсынды. 

Мария Кюри

Радиация саласында көп қызмет атқарған және екі мәрте Нобель сыйлығының лауреаты атанған Мария 50 жасқа дейін жүзе алмаған. 

Сосын, бойжеткен екі қызы шешелерін суда жүзуге үйретеді. Бір қызының кейіндеу жазылған естелігінде былай делінген: "Су тақиясының астына тығылған сиреген ақ шаштарын көрмей, тіп-тік денесі мен икемді аппақ қолдарын көргенде бетіндегі әжім іздерін ұмытуға болар еді. Ол ешқашан жарысуға шақырмайтын, бірақ, үнемі үздіксіз жаттығулар жасайтын". 

Эйн Рэнд

«Атлант расправил плечи» бестселлерінің авторы және коммунизм мен ұжымдастырудың қас жауы Эйн Рэнд жасы алпысты алқымдап қалғанда марка топтамаларын жинастыруға әуестенген. 

1971 жылы ол өзінің филателияға деген ынтықтығы баяндалған эссе жазады. Жазушы "адам қызметінің арнаулы кейбір түрлері қаншалықты сұрықсыз болмасын, филателия - адам баласы ақыл-оймен, тиімді әрі сәтті айналыса алатын сала" - деп қалдырған. 

Майлз Дэвис

Отыздың орда бұзар тұсында джаз музыкасының майталманы героинға деген кіріптарлығымен аты шығады.

Өмірі түбегейлі өзгерген тұста Дэвисті орта салмақтан бокстан әлем чемпионы Шугар Рэй Робинсон қанаттандырады. Өз автобиографиясында джазмен: "Робинсон менің өмірімде пір тұтқан тұлғаларымның бірі. Егер мен сол секілді тәртіпке бой ұсынсам, онда менің қолымнан бәрі келеді деп ойладым" деп жазады. 

1952 жылы музыкант Нью-Йорктегі әйгілі Глисон бокс клубына келіп, бапкер Бобби Маккиланға шәкірт қылып алуын өтінеді. Алғашында Маккилан бас тартады. Алайда, арада екі жыл өткенде Дэвис есірткіге деген тәуелділігінен құтылып, жаттығуға кірісуге мүмкіндік алған. Сонда ол былай деп жазды: "Істеген дүниеңнің барлығында стиль көрініп тұрғаны дұрыс: мейлі музыка, сурет өнері, әдебиет, сән, бокс болсын..."

Лев Толстой

"Соғыс пен бейбітшілік" шығармасының авторы өзінің жеті жасар ұлы Ванечканың қазасынан бір ай өткенде барып бірінші рет велосипедке мінеді. Ол уақытта Толстой 67-де болатын. 

Қазаға абыржулы болып жүрген тұста оған Мәскеудің велосипедист-әуесқойлар үйірмесі велосипед сыйлайды және мұнымен қоса, оның жер иелігінде тегін мастер-класс өткізуге келісімін алады.

Нәтижесінде Лев Николаевич велосипедпен серуендеудің қуаттаушысы болып шыға келеді және әр таңда үнемі серуенге шығып отыруды әдетке айналдырады. Scientific American журналы 1896 жылы: "Граф Толстой өз жер иелігін шарлап жүр, қалың крестьян арасында таңырқаныс бар" - деп жазады. 

Дуайт Эйзенхауэр

Эйзенхауэр Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған тұста жүйкесін тынышталдыру үшін сурет сала бастаған. Сол уақытта оның жасы 58-ді алқымдап қалған болатын. 

Генерал өзінің досы әрі сурет өнеріне қатты қызығатын Уинстон Черчиллге хат жазады: "Содан бері, осы бір іске кіріскен уақыттан бастап, менің ішім пыспайды. Сабақ алып та жарытпадым әрі талантқа да иелік етпеймін, әрине, жіңішке қылқаламдардың алдында осы бір ісім үшін ұялатын да шығармын..." 

Үш жыл өткен соң Эйзенхауэр президент атанды және Ақ үйде бірінші адамның бояуы мен кенептеріне жауап беретін арнаулы қызметкер жалдайды. 

Джордж Буш-үлкен

2009 жылы АҚШ-тың экс-президенті өзінің 85-жылдық мерейтойын парашютпен секіру арқылы тойлады.

Мемлекеттің бұрынғы басшысы оғаштау қадамын төмендегіше түсіндіреді: "Қарт болдым екен деп үйдің бір бұрышына отырып алып, сілекей шұбыртуға болмайды. Үйден шығыңыз және бір нәрсе жасаңыз. Өмірден рахат алыңыз". 

Бірінші рет Джордж Буш Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында ұшағы жапон оғының астында қалып, парашютпен түсуге мәжбүр болған. 

Екінші рет 73 жасқа толғанда секіріпті. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: humantime.com.ua 

4031 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 05 қыркүйек 2014, 13:33
Пікірлер
+0
05 қыркүйек 2014, 14:31

Қартайдым ойламау керек дейді, ал бізде керісінше ((

+0
06 қыркүйек 2014, 00:15

Үлкен-Джордж Буш

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев