Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Елмен араласпайтын әйгілі 8 жазушы

Елмен араласпайтын әйгілі 8 жазушы

Елмен араласпайтын әйгілі 8 жазушы

Көптеген әдебиет қайраткерлері даңқ-дақпырт пен қоғам алдына шығудан бас тартып жатады. Олар әлемнен түпкілікті бөліну арқылы бүкіл ғұмырларын жазушылыққа арнайды. Олар қарапайым жандар. Ендеше, қарапайымдылық пен тыныштық үшін қоғамнан жырақтанған 8 қаламгер.

Сэлинджердің артында саусақпен санап аларлықтай ғана мұра қалды: бар-жоғы бір роман және 17 әңгіме. Ерте кезде жазған барлық дерлік туындылары басылым бетін көрмей кетті. Нақтысын айтсақ, Сэлинджердің өзі бұған қарсы болды.

«Қарабидай арасындағы құрдым жиегінде» туындысының атақ-даңқы авторды қаншалықты ұшпаққа шығарса, соншалықты жазушы сырт әлемнен оқшаулана берді. 1965 жылы ол басылып шығудан қалды, ал автор болса, Нью-Гэмпшир штатындағы Корниш қалашығындағы жеке саяжайына барып, елден жырақта жатып алады.

Сол жерде бүкіл уақыты өтеді, шығыстың рухани практикасымен аралас-құралас болады, дәстүрлі емес медицинаға құмарлығы артады, ара-тұра шу шығарып қоятын әдеті қалыптасады. Онда да адвокатын іске қосып, кезекті биографты немесе ізін басқан жазушыны сотқа шақыртады.

1980 жылы ол сұхбат беруден түпкілікті бас тартады. Бұдан ертеректе Ширли Блейни атындағы мектеп оқушысына сұхбат алудың реті келіп, жергілікті газет бетіне бастырып еді. Сэлинджерді долылық қысты. Кейіндеу сот ісі арқылы ол өзінің корреспонденциясының жеке өміріне, биографиясына (оқырмандар ең қызық делінген ақпараттарды отырыстың хаттамасынан біліп еді) материал ретінде қарастырылуына тыйым салып, жалғыз әйгілі шығармасының жалғасымен алысып бақты.

Сэлинджердің қызының естеліктеріне көз жүгіртер болсақ, оның өлімінен кейін үстел үстінде көптеген қолжазбалар мен бірнеше бітулі романдар қалған. 

«Нью-Йорк Таймс» басылымы «Қылжақбасты өлтіру» классикалық туындысының авторымен болған сұхбатқа "Бір күнге ғана әңгімешіл" (мәтінде жазушының сұлулығы мен ой ұшқырлығына баса мән берілді) деп ат қойды.

1960 жылы әлгі кітап бестселлер саналып, Пулитцеровской премиясын алып бергенде, көп ұзамай Харпер Ли жылы-жұмсақ қана, бірақ нығыздай отырып журналистермен әңгімелесуден бас тарта бастады. Ол өзі қатысуға тура келген барлық дерлік көпшілік мерекелерде сөйлемеуге тырысатын. Мәселен, 2007 жылы өзі туып-өскен Алабама штатындағы құрметтеу кешінде жұртшылықтың алдында сөз сөйлеуден бас тартып, "ақымақ болғанша, ең дұрысы, үнсіз болған жақсы" деген желеуді алға тартады. 

XX ғасырдағы америкалық ең бір жұмбақ, сыры мол әрі күрделі романның авторы бүкіл ғұмырында бір-ақ мәрте сұхбат берген - тұңғыш рет "V "кітабы жарыққа шыққанда.

Бұл 1969 жыл болатын. 1973 жылы "Кемпірқосақ тарту" туындысына Ұлттық кітап премиясы берілгенде, сыйлықты алуға басқа біреу барады. Пинчонның сырт пішінін ескіріп кеткен, көмескі фотокарточкалар арқылы ғана көруге болатын және авторды бұл мәселе толғандырмаса керек.

Американың ең бір жұмбақ жазушысы көпшілік алдында бір рет қана шығуға келісім берді, онда да «Симпсондар» мультсериалында басына пакет киіп алып, сұрақ белгі қалпында шыққан болатын. 

Ақын Дикинсонды ерікті даралыққа (саяқтық) не итермелегені белгісіз.

Өмірінің соңғы екі он жылдығын ол өз үйінде өткізді, келіп-кетушілермен жабық есік арқылы ғана сөйлесті, балаларға дәмді-тәттіні екінші қабаттың терезі арқылы түсіріп беріп жүрді және өзінің жатын төсегінен ұзамастан, әкесін өлімге шығарып салды (жерлеу рәсімін бөлмеде тыңдап жатты). 

1800-ге жуық өлеңнің өмірде сегізі ғана басылып шықты. Көпшілік достар Дикинсонды жазысқан хаттар арқылы танитын. Өлім жайлы жазылған шеберлік шыңындағы өлеңдерімен, өмірдегі даралығымен, жалғыздығымен танылған-ды. 

30 жастағы атақ-даңққа қол созым жерде асқан сезімтал, жаны жараланғыш, күйгелек, қызба адам көптеген әлеуметтік тығыз қарым-қатынастың ортасында болды, бірақ, 1903 жылы әкесінің өлімі келді, ал сосын 1905 жылы жазушының анасының денсаулығынан береке кетті.

9 жасынан Пруст демікпенің ауыр түрінен азап шегіп, асқынып кеткеннен кейін үйден мүлдем шығуды доғарды, өзін толығымен шығармашылыққа бағыштады. Ол күн көзі өтпейтін студияға кіріп алып, сонда жатып алып ауруымен күресетін. Оның жатын бөлмесі тығын ағашпен жадбықталғандықтан, бірде-бір көше дыбысы ішке кірмейтін.

Пруст түнімен жұмыс істейтін, бірде үш күн қатарынан тоқтамай жазыпты - өз өнеріне шындап кіріп кетсе керек. 

Маккартидің бірінші кітабы 1965 жылы жарық көрді, алайда, автордың есімінің танылуы 1992 жылы "Аттар, аттар" романы жарыққа шыққан тұспен сәйкес келді.

Шығарма Ұлттық кітап премиясына тағайындалып, америкалық сыншылар тарапынан үлкен атақтарға ұсынылды. Осы жылы Маккарти "Нью-Йорк Таймс" газетіне сұхбат берді және содан кейін 15 жыл бойына әдеби өмірге еш араласпай, ешбір ұйымдастыру шараларына ат салыспай (кітап оқу), көп уақытын жеке агентсіз өткізіп, біршама уақытқа дейін үнсіз қалып еді.

2005 жылы "Шалдарға мұнда орын жоқ" кітабы жарыққа шықты, 2006 жылы - Маккарти Пулитцеровской премиясына лайықталған "Жол" кітабы басылды. Екі роман да сәтті экранизацияланып, Опра Уинфридің шоу-бағдарламасына жол қалап берді (әйгілі жазушы жүргізушінің сұрақтарына сыпайы жауап бергісі келді, алайда, кеш барысында өзін аса жайсыз сезінді).

Қысқасы, Маккарти өзі мойындап өткендей, ғалымдар арасындағы достықты жаны қалайтын. 

 

Беделді аустриялық проза шебері әрі драматург адамдар арасындағы өзара сенім білдірушілікке, адалдыққа жаны қас, жыны келетін жан болатын. Ол бұған сенбейтін.  

Жаны жараланғыш жалғызбасты жан, жалғандық пен кез келген жасампаздықты жек көруші аустриялық алыс түкпірдегі үй-қамалынан алысқа ұзап шықпайтын. Ара-тұра ғана көпшілік мерекелерде көрініп тұрды - көбіне дау-жанжалмен немесе сөгіс жасаумен аяқталатын.

Шығармаларында төңіректегі әділетсіздік пен қоғамдық институттардың ластығын әшкерелеу арқылы, ол өз өсетінде пьесалары мен кітаптарын Аустралия шекарасы аумағында басуға түпкілікті тыйым салып тастады. Кейіндеу Томас Бернхардтың қоғамы құрылған уақытта аталған өсиеттерді еш елеусіз аттап кете барды.

Өмір бойына Бернхард туберкулезден жапа шегіп, оның асқынуынан қорлық көрді. Бернхард күтім жасаған жалғыз ғана адам болды, ол оның өмірлік қосағы - өзінен 30 жас үлкен, шешесі өлген жылдары кезіктірген әйел баласы. 

Жазушының өлімі туралы жерлеу рәсімінен соң ғана мәлім етілді. 

Ресейлік әдебиетшінің сұхбат беретін кезі тіптен сирек, тіпті, көпшілік оның бар-жоғына күмән келтіреді - "Пелевин" деген бүркеншік атпен авторлар ұжымы жұмыс істейді деген де тұжырым бар.

Пелевин оқылым ұйымдастырмайды және көпшілік алдына шығудан гөрі, интернетте анонимді қарым-қатынасты жасауды қолайлы көреді. Буддизмнің болашақ қолдаушысы ретінде ол атақ-абырай мен қоғамдық танымалдылыққа бей-жай қарайтынын жасырмайды. Бірде ол артық ақпарат жұмысына кедергі келтіретінін де айтыпты. Және, ең қызығы, бүкіл дерлік суретінде қара көзілдірік киіп түсетін әдеті бар.

Ертеректе Пелевиннің шешесімен Чертановода өмір сүргені, көп саяхат жасағаны, оның ішінде Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай секілді елдерде болғандығы айтылып келді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

сурет: news.online.ua

2168 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 06 қыркүйек 2013, 16:59
Пікірлер
+0
06 қыркүйек 2013, 16:33

Әдебитетке мұндай адамдар керек-ақ)

+0
06 қыркүйек 2013, 19:04

Елмен араласпағандықтан осындай дарынды болар

+0
07 қыркүйек 2013, 22:19

Біреуін де танымайды екем.... :?: :!: :roll: :|

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев