Варгас Льоса - "Жас романшыға хат"

Варгас Льоса - "Жас романшыға хат"

Марио Варгас Льосаның «Жас романшыға хат» кітабынан үзінділер келтіріледі. Нобель сыйлығының лауреаты әдебиет төңірегінде бірқатар ойларымен бөліседі.

...Әдеби дарын иесі үшін өз мүмкіндігін жүзеге асыру, толығымен ашылу жетістік шыңы саналады және жан қалауы десе де болады. Өйткені, ол адам үшін жазу деген - шығармашылықтан әлеуметтік, материалдық пайдасы екінші орында қалған, өзі үшін ол өмір салтының ең озық үлгісі саналатын машық.

...Ерте жастан ойдан кейіпкер түзіп, өз әлемін жасап алып, іс-қимылдар мен оқиғаларды құрастырып жату қасиеті - әдеби дарынның алғашқы белгісі. ...Санаулы жандар ғана жазушы бола алады және сөзбен жаңа әлем түзу - алғашқы бейімділігіне ерік-тілегін қосқан адам немесе Сартр оны "таңдау" деп айтады. Былайша айтқанда, бір уақыттарда жазушы болам деп шешкен адам осы қасиетіне таңдау жасады. Немесе өзіне осы бір тағдырды таңдады. Жазу үстелінде жаңа қасиеттерді ашу үшін, ми аумағы төңірегінде жасырынып жатқан жаңа өмір мен жаңа әлемге таңдау бергісі келді.

...Әдебиет — уақыт өткізу емес, спорт та емес, сағаттар бойына жалғаса беретін ойын да емес. Бұл бүкіл күш-қуатыңды талап ететін, өз еркіңмен баруды үгіттейтін, ақырында бақытты құлға айналдыратын сала. Әдебиетпен үнемі айналысып отырған дұрыс, ол жас адамның бүкіл өмірін толтырады. Флобер айтқан екен: "Әдебиет - өмір салты". Басқаша айтқанда, сондай тартымды әрі әлемдік атаққа лайықталған адам өмір сүру үшін жазбайды, жазу үшін өмір сүреді.

...Данышпан болып туылмайды, қалай болғанда да прозашылар арасында мұндайларды кездестіре бермейсіз. Әйтсе де, ақын мен музыкантшыларда бұл даралық орын алып тұрады - ерте жаста дарындылық байқалады және ойламаған тұста (классикалық мысалдар — Рембо мен Моцарт), - жоқ, ол үшін ұзақ жылдарға тәртіп пен үлкен ерлік керек екен. Барлық ұлы, барлық мықты романшылардың бәрі алғашында жазушы-көмекші шебер болып қалыптасады, олардың таланты аз-аздан қосылып, дамып, табандылық пен өзіне деген сенімнің арқасында дамып отырады. Сол себептен, енді жаза бастаған авторға жазушылыққа өзін сендіріп алуы қажет. Ерте жастан талант қалыптасса, ары қарай кірпіш қаланады.

...Жазушы салқынқанды болуы тиіс. Кейіпкер жасауда, оқиға желісін түзуде сауатты қаламгер өз ақыл-ойына жүгінеді. Ал сол уақытта ақыл-ойдың салқынқанды болғаны дұрыс-ақ...

Аударған:  Фараби Арыстанбек

Сурет: apokrifonline.wordpress.com 

Л. Лига