Қаламгерлердің ессіздігі...

Қаламгерлердің ессіздігі...

Жазушылығын жұдырықпен дәлелдеген кімдер? Александр Дюма дуэльде қалайша өлмей қалған? Марина Цветаеванының жұмбақ өліміне не түрткі болуы мүмкін? Марк Твен мен Жер планетасы арасында байланыс орнауы ықтимал ма? Қонақтарды таңқалдырам деп, өз әйелін өлтіріп алған (тура мағынасында) қай жазушы? Джонни Депптың шашын алып тастаған мас қаламгердің аты кім?

Николай Гоголь Мәскеудегі үйіне келіп кіргенде, камин ішіне "Өлі жандардың" жалғасын тастап жіберген. Солайша, туындының екінші томы Семеннің (малайы) "Қолжазбаның көзін құртпаңыз" деп сұранған тілегі үстінде өртеніп жана беріпті. 

Уильям Берроуз бір кеште қонақтарын таңқалдырғысы келген. Жазушы өз ұлының төбесіне қойылған алманы қағып түсірген cадақшы Вильгельм Телльдің әдетін жасап көруге бел буыпты. Содан не керек, Берроуз стақанды әйелі Джоан Воллмердің басына қойып, тапаншамен атып келіп қалады. Басқа тиген оқтан әйелі тіл қатпай өліп кетіпті.

Сергей Минаев пен Эдуард Багиров журналистпен жұдырықтасыпты. Бір басылымның бізге белгісіз бір авторы жазушылардың қалам қарымын сөлекет түрде сөгіп тастаған. Сосын, күндерің бір шуақты кезінде қарым мүмкіндіктерін жұдырық арқылы көрсетсе керек.

Александр Дюма бірде дуэлге қатысқан. Сол жолы қатысушылар жеребе тастау арқылы жеңілер жанның атылып өлеріне тоқталады. Жеребе Дюмаға түсіп, көрші бөлмеге кіріп кетеді. Бір уақытта оқ дауысы естіліп, Дюма түк болмаған күйі қатысушылардың жанына қайта оралған екен: "Атқан болатынмын, бірақ мүлт кетті". 

Екінші дүниежүзілік соғыс басталған тұста Марина Цветаеваны Татарстандағы Елабуг қаласына қоныс аудартады. Киімдерді жинастыруда оған Борис Пастернак көмектесіпті. Ол чемоданды мықтап бекіту үшін арқан жіпті алып келіп, сенімділік тұрғысында қалжың тастаған: "Арқан жіп бәрін ұстайды, асылып жатсаң да". Ақырында оған келіп жеткен хабарда Цветаеваның сол арқанмен Елабугте асылып қалғанын айтқан. 

Фредерик Бегбедерді бірде кокаин қолданып жатқан кезде полиция қызметкерлері ұстап алады. Жазушы әлгі есірткіні өз көлігінің үстінде иіскеп жатқан. "Фараондарды" көре салысымен, бой тасалауға тырысқан, алайда, тәртіп сақшылары аты шыққан қаламгерді қуып жетіпті. 

1835 жылы Жер қасынан Галлея кометасы жанаса өтеді. Арада екі апта өткенде Марк Твен дүниеге келген. 1909 жылы ол былай деп жазады: "Мен дүние есігін кометамен бірге ашқан болсам, ендігі жылы сол ұшып өтткенде бірге кететін боламын". Дәл солай болғанға ұқсайды: Твен 1910 жылдың 21 сәуірінде көз жұмады, артынша келесі күні Жерді жанай әлгі комета өткен болып отыр.

«Сопы Ресей» утопиясының авторлары Артём Сенаторов пен Олег Логвинов кітап тұсаукесері Мәскеуде өтіп жатқан күні, дүкен есігін іштен жауып алыпты. "Мына кітапты бәрі сатып алынбай, бұл жерден ешкім шықпайды. Қолма-қол ақшамен" - дейді жиналған жұртқа жазушылар.

Хантер Томпсон өзінің «Лас-Вегастегі қорқыныш пен өшпенділік» романына түсірілім болар уақытта режиссер тұрған алаңға келіпті. Рауль Дьюктың рөлін сол уақытта Джонни Депп сомдап жатқан. Мастық қалпында жазушы кино жұлдызының шашын жеке өзі қиып, нәтижесінде Депптың төбе құйқасына үлкен кәл (плешь) түсірген көрінеді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: facte.ru

Л. Лига