Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Манас Қайыртайұлы: "Халық айтысты тек интернеттен тыңдайды"

Манас Қайыртайұлы: "Халық айтысты тек интернеттен тыңдайды"

Манас Қайыртайұлы:

Құрметті оқырмандардың назарына айтыскер ақын, қазірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Манас Қайыртайұлымен болған сұхбатты ұсынамыз.

- Манас алдымен өзіңді Массагет оқырмандарына таныстыра кетсең.

- Мен 1994 жылы Шығыс Қазақстан Облысы, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылында, Барқытбелдің бауырында дүниеге келгенмін. Сол жердегі «Өкпеті» орта мектебінде білім табалдырығын аттап, орта білімді 2011 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мектеп-интернатынан тәмамдадым. Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде 3 курста оқимын. Бір жылдан бері республикалық «Дарабоз» журналында журналистік қызмет атқарып жүрмін.

- Жұрт сізді айтыскер ақын ретінде таниды. Жалпы айтыс өнерінің қандай қиындақтары мен жүгі бар? Оның қоғамдағы рөлі туралы не айтасыз?

- Айтыс өнері қазақ ұлтының маңдайына біткен ең бір ерен мұраларының шоқтығы биігі деп білемін. Олай деуге негіз де бар. Желісі үзілмей жеткен өнеріміздің қоғамдағы рөлі қай заманда да қуатты болған. Өйткені, ақын қашанда қарашаның сөзін сөйлейді. Қаһарлы ханға да қаратып елдің мұң-мұқтажын айта білген айтыс қой бұл. Жалпы айтыстың атқаратын қоғамдық рөлі турасында көп нәрсе айтуға болады. Мәселен, бүгінгі таңда халықтың ара-тұра бір болатын айтыстарға ағылып келіп, көрермен залына сыймай жатататынын байқаймыз.

ап

Бұл ненің белгісі? Тек әдемі юморға толы сөз сайысын ғана емес, халық ақындардың көтеретін өздерінің көкейінде жүрген мәселелерді, шырқыратып айтатын кейбір бұқпаланған шындықтарды естуге келеді. Ал мына бір сұрағыңызға жалпылай емес, бүгінгі қоғамға қарата жауап берсем, айтыс өнерінің қиындықтары – эфирден берілмеуі, насихаттың аздығы, қолдаудың аздығы, керісінше көтеретін жүгі бес батпан. Дәл қазіргі шақта қалың қазақ «Ақындар ақиқатты айтады» деп бар ықыласмен сүйіп тыңдайды. Сондықтан айтыскер де соған барынша лайықты болуі тиіс. Халық қолдайды екен, ақиқатты ашып айтамын деп, жалаңдыққа, кейбір бұрыс дүниелерді сілтей берген жарамайды. Ондайға жол беріліп қойса, айтыс билік пен қара халықты бітістіретін емес, шекістіретін нәрсеге айналуы ғажап емес. Әрине, бұл менің жеке пікірім.

пр

- Соңғы буын айтыскер жастардың аға буыннан көтеретін тақырыптары мен ойлау жүйесі тұрғысынан айырмашылықтары бар ма?

- Айырмашылық жалпы буын емес әр ақында болуы керек шығар. Бір ақынның айырмашылығы ол – өзіндік ерекшелігі болмақ. Айтыскердің көтеретін тақырыбы ұқсас болып жатуы мүмкін, бірақ оны жүрекке жеткізуі мен өткізуі әрқандай болып жатады. Әдетте жас ақындар өнердегі аға, апайларына еліктеп айтыстың аламанына түседі. Қадыр ақын айтқандай, «Оқу – ежіктеуден, өсу – еліктеуден». Содан барып қана жеке стилі қалыптасып жатады.

- Тыңдармандарды қызықтыратын тағы бір нәрсе бар. Айтысқа шығып жүрген ақындардың суырыпсалмалығы қандай дәрежеде? Көп жағдайда сахнада айтылатын сөздердің 80 пайызы жаттанды өлеңдер деген пікірге не айтасыз?

- Айтыскер ақындардың барлығының да суырыпсалмалылығы бір деңгейде емес. Оны көрермен де жақсы біледі. Ал жаттандылық дегенге келсек, мұндай сұрақ бүгінде қай айтыскермен болған сұхбатты алсаңыз да тұрақты түрде қойылуға үрдіс алып алған. Асылында ақындар қатысатын айтыстың тақырыбын зерделеп, сағынып қауышқан көрерменіне қалай амандасуы, қандай ой айтуы керек екенін, қарсыласы жайында мәлімет біліп, шабуыл жасауды алдын ала пысықтап алатыны өтірік емес. Мәселен, сіз де сұхбат алдында қандай сұрақ қоюдың амалын қарастырғаныңыз сияқты. Ал оны жаттандылық дей салу әбестік.

- Қазақстандағы айтыстың дамуы тұралап қалғандығы белгілі. Оның одан әрмен дамуы үшін не керек?

- Айтыс елмен бірге өсіп, өркендейтін өнер. Халықтан жырақтаса, солғын тарта береді. Бағана айтып өткенімдей телеарналардан көрерменге жол тартпайтыны қазіргі айтысқа кері әсерін тигізіп тұрғаны анық. Мысалы, айтысты экраннан аулақтатқалы айтыскерлердің танымалдылығы да төмендеген. Барша жұрт айтыстың эфирден берілмей жатқанын айтыскерлердің билікке қарсы сөз айтқанынан деп жүр.

Десек те сәл сүзгіден өтіп, монтаждалған айтыстардың өзі шөліркеген халықтың дәтіне қуат. «Мәдениет» деген телеарна бар. Таңнан кешке дейінгі көрсетілімдерінің жартысынан көбі шетелдік өнімдер. Нағыз мәдениет арнасы болса, неге олар айтысты көрсетпейді? Қазір Жүрсін Ерман ұйымдастыратын беделі жоғары айтыстарды интернет арқылы ғана тыңдай алады халық. Өткендегі Астана күніне орайластырып өткізілген айтысты ұлттық арна түсірген екен, енді эфирден берілуін ел тағатсыздана күтуде. Бұл орайда Азаттық радиосының еңбегін айта кеткеніміз дұрыс.

- Өзіңізді жазба ақыны ретінде сынап көрдіңіз бе?

- Айтыс пен жазба поэзия бір атаның егіз туған баласындай. Мектеп қабырғасынан қалам мен домбыраны қатар ұстап жүрмін. Ұстаздарымның қолдауымен 11 сынып оқып жүргенде «Барқытбел» атты алғашқы кітап шықты. Бірді-екілі мүшайраларға қатысып, жүлдеге іліктім. Кей достарым екінің бірін таңдағаның дұрыс дегенді айтады. Уақыт екшейді. Дәулеткерей Кәп, Серікзат Дүйзенғазиндер айтыста да, поэзияда да ешкімнен кенде емес. Десек те қазір аз жазып, көп оқитын уақыттамыз.

fg

- Болашаққа ақын ретінде қандай жоспарыңыз бар?

- Ақынның мұраты жазған-сызғанының ұлтының кәдесіне жарауы. Бастысы адам ретінде қалыптаса білу керек-ақ. Тіл үйренуді мақсат тұтамын. Шетел әдебиетінің жауһарларын түпнұсқадан оқып, ана тілімізге аудара алатын қабілетке жетсем деймін. Алла бұйыртса, ойға алған жоспарлар іске аса жатар.

- Массагет оқырмандарына айтарыңыз бар ма?

- «Массагет» ғаламтордағы ақпарат кеңістігінде ауыз толтырып айтатын қазақ тіліндегі бірден-бір сайт. Бір жарым жылдың ішінде біршама биікті бағындырды. Осы қарқындарыңыз бәсеңдемесе екен!

Сұхбаттасқан: Еркебұлан Қайрахан

Сурет: Манас Қайыртайұлының жеке мұрағатынан, Voxpopuli.kz, azattyq.org

3749 8
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 06 тамыз 2013, 11:01
Пікірлер
+0
06 тамыз 2013, 11:11

десе де, айтыстың сағындырып болып тұрғаны дұрыс сияқты, ал эфирден берілмейтіндігі туралы ойыңызға қосыламын

+0
06 тамыз 2013, 12:24

Жалпы Семей жақтың тумалары ақынжанды келеді :)

+0
06 тамыз 2013, 12:42

Әп-берекелді! Манас, шығармашылығың шыңдала берсін! Филфак қо а так ))))

+0
06 тамыз 2013, 13:48

Мына жігіттің Рүстем Қайыртайұлымен байланысы бар ма?

+0
06 тамыз 2013, 14:41

«Шетел әдебиетінің жауһарларын түпнұсқадан оқып, ана тілімізге аудара алатын қабілетке жетсем деймін» :!: Тiлектеспiн!

+0
07 тамыз 2013, 04:20

Рустем Кайыртайдын туган иниси. бирак бул жигитту Рустемнин иниси деп танымау керек. оте талантты жигит. тамаша жыр жаухарларынын авторы.

+0
08 тамыз 2013, 09:46

Әрі тамаша жүргізуші)))

+0
20 қараша 2013, 04:01

Біздің Манс мықты ғо!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев