Мифология жайлы не білуіміз керек?

Мифология жайлы не білуіміз керек?

Мифология жайлы қызықты деректерді біліп алуға шақырамыз. Ежелгі аңыздар туралы ілім мен білімге қызығушылар ең бірінші кезекте мынаны білуі тиіс деп ойлаймыз.

1. Әртүрлі кезеңдер

Біз кейде грек, египет немесе өзіміздің аңыздарды ғана мифология деп атаймыз. Ал шын мәнінде мифологияға жататын әртүрлі елдердің өз аңыздары көпшілік. Бірақ әлемдегі көптеген аңыздың бәрі грек мифологиясынан қаланған деген пікір бар. Жалпы алғанда әрбір ұлт мәдениетінде мифология барын білу керек.

2. Ең ежелгі мифология шығыс үнді аңыздары

Көптеген мифологиялық кезеңдердің тамыры ежелден бастау алған. Соның ішінде ең байырғысы саналатыны – шығыс үнді мифологиясы екенін білесіздер ме? «Гильгамештің эпикалық поэмасы» б.з.д. 2500 жылы жазылған деген дерек бар.

3. Ұмытылған туындылар

Біз қағаз бетіне түскен аңыздары ғана зерттей аламыз. Ал ауыздан ауызға тараған мифологияның ұмытылғанын білесіздер ме?

4. Өзгеріске түскен аңыздар

Мифологияға қызыға бастағаныңызда-ақ көптеген елдің аңыздар желісі ұқсас болып келетінін байқайсыз. Себебі аңыздардың көп бөлігі бір қайнардан шығып, ал кейінде өзгеріске түскен. Мәселен, жаулап алушы халық тізе бүккен елге келген соң оның мәдениеті мен тарихы біршама өзгеріске түседі.

5. Аңыздар шынымен болған ба?

Көптеген классиктер аңыздардағы кейіпкерлердің шын прототиптері өмірде болған деген пікірді айтады. Бірақ әдебиет теориясындағы теңеу, метафора, гипербола сияқты троптардың әсерімен адам сенгісіз ерліктер мен көлемді болған. Бұл оқиғалар бізге аңыз формасында келгендіктен олардың шын-өтірігін дәл анықтау мүмкін емес.

6. Аңыз елдің мәдениетін көрсетеді

Әр елдің де мәдени құндылықтары жайлы көп айтуға болады, әрине, егер сіз оның аңызын оқып алсаңыз. Мәселен, Гомердің «Одиссеясын» оқысаңыз-ақ біраз тарихи жағдайлардың куәгері боласыз. Ерте Грецияда қонақ күту үлкен игілікті іс болып саналғанын осы шығармадан толыққанды оқып ала аласыз. Ал Норвегия мифологиясы сізге ерлік пен батырлық туралы құндылықтарды насихаттайды.

7. Мифология өз қолымызбен жасалады

Бүгінгі қиялдан туған кейіпкерлер де, мәселен, Superman, Batman секілді персонаждар ғасырлар өткен соң мифологияға айналмасына кім кепіл? Танымал комикстер мен қияли әрекеттер кейінде тарих сахнасына шығуы ғажап емес.

8. Мифология деген сөз нені білдіреді?

Егер әлдекім сізден «мифология дегеніміз не?» деп сұраса қайтесіз? Бұл – тарих, оқиға. Шындығы мен қиялы жарыса қызықтыратын мифология әлемімен танысуға шақырамыз.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін