Екі сараң қонжық (Орыс халқының ертегісі)

Екі сараң қонжық (Орыс халқының ертегісі)
Фото: en.wikipedia.org

Ертеде бір ну орманда кәрі Аю тіршілік етіпті. Аюдың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде, бақыт іздеуге жолға шығыпты. Олар жолға шығар алдында анасымен қоштасыпты. Ал анасы қонжықтарын құшақтап, еш уақытта бір бірінен айырылыспауды талап етті. Анасының бұйрығын орындауға сөз берген қонжықтар жқлға шығады. Алдымен олар тоғайдың шетімен, содан соң жазық даламен жүреді. Сөйтіп бір күн жүрді, екінші күн жүрді. Ақырында бар қоректері таусылды. Ал жолдан табатын ештеңе болмады. Қонжықтар бірінің артынан бірі еріп келе жатты. Сол уақытта кіші Қонжық: Ағатайым, менің қарным ашты! деп шағымданады.

— Менің де қарным ашты! деп өңі бұзылып, басын шайқайды. Солай жүре берді. Кенеттен үлкен ірімшікке кезікті. Әділ жолмен тең бөліспек еді, бөлісе алмады. Қонжықтар бір бірінен ірімшікті қызғанып, ұрсысып, ақырып тұрғанда кенеттен жандарына Түлкі келеді — Неге ұрсысып тұрсыңдар? деп сұрайды.

Түлкі:

— Мен сендерге ірімшікті теңдей бөліп беремін деді. Түлкі ірімшікті алып екі бөлікке бөледі. Алайда алаяқ басты бір жарымын екіншіден үлкен қылып бөледі. Қонжықтар бұған ренжіді.

— Мынау үлкен ғой, деп ақырды.

Түлкі оларды жұбатып:

— Тыныш жастар! Кішкене сабырлық, қазір бәрін реттеймін.

— Мен өзімнің жұмысымды білемін, деді. — Бұлай да бірдей емес, деп тынымсызданады. Ол үлкен жарты бөліктің жартысын қылғытып жұтып қояды. Енді кіші жарымы үлкен болады.

Осылайша қу түлкі қонжықтардың ірімшігін тең бөлмей, біразын жеп азғантай ғана қалдырып, оларды теңеп, екеуіне береді. Түлкі оларға күліп: Міне сараң, арам болсаң, бір күні осындай азығыңнан құр қаласың, деп өз жөнімен кетті.

Т. Есқали